с.я. маршак туралы мәлімет керек қазақша

+2 дауыс
3.1k қаралым
Қазақ тілі

1 жауап

+1 дауыс
Маршак Самуил Яковлевич (3.11.1887, Воронеж — 4.7.1964, Мәскеу) — орыс ақыны, драматург, балалар әдебиетінің классигі. Алғаш-қы шығармасы 1907 ж. жарияланған. 1920 ж. Краснодарда балалар театрын ұйымдастырып, соған лайықтап ертегі-пьесалар жазды. Бүлдіршіндерге арналған “Джек салған үй”, “Тордағы балақандар” (1922), “Ақымақ тышқан туралы ертегі” (1929 — 30) атты кітаптары шықты. “Жаңа Робинзон” журналын (1923 — 25), мемл. балалар баспасының Ленинградтағы (СПб) редакциясын бірнеше жыл бойы басқарды. М-тың сол жылдары шыққан “Өрт”, “Почта”, “Цирк”, “Днепрмен күрес” кітаптары, “Кеше мен бүгін” (1925), “Мистер Твистер” (1933) сатир. памфлеті мен “Белгісіз батыр туралы әңгіме” (1938) атты романтик. поэмасы өте тартымды жазылған. Ол “Он екі ай”, “Ақылды мүліктер”, т.б. туындылары арқылы балалар ертегілері мен өлеңдерінің, жұмбақтар мен пьесаларының жаңаша үлгілерін жасады. М. бірқатар лирик. шығармалардың,өмірбаяндық повестің авторы. Оның балаларға арналған “Ақымақ тышқан туралы ертегі”, “Жыл бойы”, т.б. шығармалары қазақ тілінде жарық көрген. М. КСРО Мемл. сыйл. (1942, 1946, 1949, 1951), Лениндік сыйл. лауреаты (1963). Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен және медальдармен марапатталған.
127,728 сұрақ
322,324 жауап
153,203 пікір
72,718 қолданушы