0 дауыс
1.1k көрілді
Мені көптен бері мазалап жүрген бір ой бар... Сол ойыммен бөліссем деймін. Рұқсат болса. Менің сыныптас 2 досым болған. Біреуі 9-дан кейін оқуға кеткен. Ол мені ұнататын болып шықты. Мен онысың жөн көрмедім. Адамның сезімін балағаттап, мазақ ете алмайсын ғой, түсіндіріп айттым оны ұнатпайтынымды бәрін. Екінші досыммен қатты дос едік. Арты махаббатқа айналды. Ол адамды өзіне тартады, бір қасиеті бар сондай, оған бауыр басып қалгандық па ол жоқ болса мазасызданып қызық сезімде болам, уақыт өте ол сөзін салды мен келістім. Біз жүре бастадық, мен оған уақыт бер сені сүйіп кетуім үшін деген болатынмын, одан сон мен онымен бола алмай, ұната алмай ажырап кеттік... Жаңа жыл куні ушеуіміз де келіспей калып, міне алі кунге шейн араласпаймыз... ((( бірак екінші досым катты унайды, алі де унайды оган уакыт бер деп алдым да ажырап артын озім курттым ал енді ол жанымда жок мен оны куннен кунге сагынып, коргім келетте турат.достасканымызды катты калаймын, нестесем болат?

1 жауап

0 дауыс
Екі адамның арасындағы мәселеге үшінші кісінің араласуы дұрыс емес, дегенмен сұраған мәселеңе жауап беріп көрейік. Егер өзің ұнатып жүрген досың сен уақыт сұрағандықтан ойлануыңа мүмкіндік беру үшін күтіп жүрген болса, ондай жағдайда өзің алғашқы болып жағдайын сұрап хабарласуыңа болады, ал егер сенің ойлануға уақыт сұрауың оның сенімен қоштасуына сылтау іздеуіне дөп келсе, онда ол досыңды қалай болғанда да қайтарамын деп әуреге түсің артық болар деп ойлаймыз. Ол досыңның өзіңе деген шын көңілін білгің келсе, өзің қоңырау шалғанда қандай көңіл-күймен жауап бергеніне назар аудар. Егер ол сені ұнатып, күтіп жүрген болса, сенің қоңырау соққаныңа қуанғаны даусынан-ақ сезіліп тұрады, ал егер сенің қоңырауыңа самарқау, салқын ғана жауап берсе, онда ол досыңды ұмытқаның дұрыс деп ойлаймыз. Уақыт емші өзіңді сүйетін жігіт әлі де кездесеріне сенімдіміз.
...