Сіз қынжылмаңыз. Өйткені Сіздің жігітіңіз Сізді бағалай алмаса, Сізді бағалап, қадірлейтін жігіттер табылары анық. Өзің сүйгенді емес, өзіңді сүйгенді сүй деген сөздің жаны бар, соған құлақ түрген абзал.
Алайда Сіз ойланып көріңіз, неліктен Сіздің жігітіңіз Сізден бөлек кетті? Мүмкін Сіздің де кінәңіз бар шығар. Ол үшін өзіңіізге есеп беріп, қателескен жеріңізді анықтауға тырысыңыз. Бұл Сіздің алдағы өміріңізге сабақ болады, оны қайталамауға тырысасыз.
Сізден бас тартқан жігітке барып, өз қадіріңізден кетіруден аулақ болыңыз.
Егер ол жігіттің өзі қайтып келсе, оны кешіру, кешірмеу оның жасаған қадымына байланысты болады.
Қазақтың қызы әсемдік пен адалдықты, қайырымдылықты бойына сіңірген, барлық шешімді ақылдылықпен, сабырлылықпен қабылдай алады. Сіз де өзіңіздің бойыңыздағы күш пен сезімді таразы басында тең ұстай алатындығыңызға шек келтірмеңіз.
Қыз бала әрдайым анасына, әпкесіне жақын болады, сырларын бөліседі. Сіздің де жаныңыздан сондай жандардың табылары сөзсіз.