0 дауыс
729 көрілді
Махаббат, махаббат деп жатамыз. Өзім махаббатқа өте жақын, сезімтал, қмяли адаммын. Өмірде тек шын махаббатымды жолықтырып, сонымен бақытты болсам екен деп армандаушы едім. Жолықтырдым ба білмеймін. Әйтеуір, оны кездестіргелі күрт өзгердім. Бұрынғы тәкаппарлық, ұяңдық, ұялшақтық мінездерім қалды. Өмірде жігітке ешқашан өзім хабарласпаушы едім, ол дегенде сағат сайын, тіпті минут сайын хабарласқым келіп тұрады. Жанымнан ешқайда жібергім келмейді, қасымда тұрса да сағынып тұратынмын. Қандай опасыздық жасаса да кешіре беретінмін. Хабарласпай қойса таңға дейін ұйықтамай жылап жататынмын. (ұйықтауға қанша тырысқанмен ұйықтай алмайтынмын) Мені сүймеген шығар, тастап кетті... Сонда да оның ізінен жүгіріп, кезлесуге өзім шақыратын болдым. Жақсы көретінімді айтып жылаумен болдым. Өзімді сүймейді ғой қайтемін ұмытайын деп шештім. Сөйтіп өзімді жақсы көретін бір жігітке тұрмысқа шығып кеттім. Сонда да әлі соны ойлаумен, жылаумен келем. Қиналып кеттім. Қайтсем екен кеңес беріңіздерші

2 жауап

+1 дауыс
Сіз отбасын құрған жансыз. Отбасын құрарда ойланып, өмірлік қадамды дұрыс басқаныңызға сенімді болғаннан кейін ғана жасауыңыз керек еді. Енді алғашқы махаббатты мәңгі ойлап, отбасының шырқын бұзу жарасар ма екен ару жанға? Өйткені, Сіз ата-аналардың, жолдас-жоралардың батасын алдыңыз, олардың Сізге ақ ниетін алдыңыз, Сіз жауапкершілікті өзіңізге жүктедіңіз. Сіз сүйген жан Сізді сүймесе, ол үшін отбасын ойран ету күнәлі болуға итермелейді. "Өзіңді сүйгенді сүй" деген тұжырым тегін айтылмаса керек. Әрине, махаббатты ұмыту қиын, бірақ ақыл мен жүрек үні үндессе, сезімге бой алдыруды жеңеді. Сіз өзіңізді сүймеген жанды қинай алмайсыз, ол да Сіз сияқты ақылы бар, сезімі бар тұлға. Менің пікірімше, Сіз жылауды тыйып, қиындықты жеңудің жолдарын, тұрмыстық мәселелерді шешудің тәсілдерін ойланыңыз. Кейін өкінесіз, өйткені біреуді жалатып тапқан бақыт Сізге қайғы сыйламасына кім кепіл?
0 дауыс
Әрине отбасы ойыншық емес, бірақ сіз де адамсыз, сіз де жеке тұлғасыз, өмір де жалғыз. Бар өміріңіз босқа өтпесін десеңіз асықпай, анығын басып өзіңізді сүйетін, сізде оны сүйетін жігітке күйеуге шыққаныңыз абзал. Ең бастысы дискриминацияға ұшырамасаңыз болғаны. Мен сүйеді екем деп үздіксіз қоңырау шалып, қасынан бір қалмай жүріп, қаптаған сұрақ жаудыртудың өзі бара-бара сізді сүйем-күйем дейтін жігітіңізді жалықтырар. Ең бастысы бір стереотип бар ғой, 21 - ден қалсаң отырып қаласын деген. Одан аулақ болыңыз, шын бақыт керек болса, асықпағаныңыз абзал (еді).
...