0 дауыс
3.7k көрілді
Әдебиеттен уй тапсырмасына шығарма берген еді, соны жаза алмай отыр едім.

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Егер, батырлар жырының басты тақырыбы, күрделі әңгімесі — ел қорғау жайы болса, лиро-эпостық жырлардың одан біраз айырмашылығы бар сияқты. Ең алдымен, бұл алуандас жырлардың оқиғасы халықтың ертедегі жалпы әдет-ғұрпына, үйлену салтына байланысты туған. Онда көбінесе бір-біріне ғашық болған жұбайлар жайы, олардың қуанышы мен арман-мұңы, қайғы-шері суреттеледі. Және де өткен заманда жастардың бас еркі болмағандығы, олардың арман-мүдделеріне жетуі, сүйгендеріне қосылуы жолында көпте-ген бөгеттердің кездескендігі, ол бөгеттерді жеңе алмай ауыр аза, зор қасіретке ұшырағандары жырға қосылады. Бұл ретте халықтық негізде туған лиро-эпос жырлары өткен заманның жастарға жасаған озбырлық әдет-ғұрпын сынға ала-ды.

 

Батырлар жыры сияқты лиро-эпос жырлары да бір дәуірдің жемісі емес. Бұл да талай гасырмен бірге жасасып, әртүрліжағдайларды, таптық, қоғамдықтілектердіңыңғайына қарай өзгеріп отырған. Үрпақтан ұрпаққа ауызша айтылу түрінде, көптеген өзгерістерге ұшырау арқылы жеткен. Халықтық ортада туған және халықтың көзқарасын, тілегін білдіретін жырлардың өздері де таза күйінде халықтық сипатын толығынан сақтаған емес. Халықтық сипаты бар деп танылатын лиро-эпос жырларының қайсысынан болса да әр қилы қайшылықтар мен кемшіліктердің кездесуі осыдан. Сондай-ақ, халықтың лиро-эпос жырларын үстем тап та өз мүддесіне пайдаланған, жырдың халықтық идеясын бұрмалап, ескі әдет-ғүрыптың халыққа жат жақтарын мақтап көрсетуге тырысқан.

 

қазақ ауыз әдебиетінде лиро-эпос жырларының ертеден келе жатқан бірнеше үлгілері бар. Солардың ішінде бастылары деп “қозы Көрпеш — Баян сұлу”, “қыз Жібек”,“Күлше қыз —Назымбек” “Мақпал қыз”, “қүл мен қыз”, “Айман — Шолпан” жырларын айтуға болады. Бүл жырларда тек ғашықтық, махаббат әңгімелері ғана суреттелмейді. Солармен қатар, халықтың ертедегі түрмысы, салты, қогамдық мәні бар жайлары қамтьшады. Жырлардың оқигасы халықтың тұрмыс, салтынан туып дамиды, күрделі әңгімелер айтылады. Лиро-эпос жырларының ішінде тақырыбы, оқиғасы, құры-лысы жағынан ерекше орын алатыны және халық арасына көп тарағаны — қозы Көрпеш-Баян сұлу жайындағы жыр. Бұл жыр бір-біріне ғашық болған екі жастьщ өдоірін ғана баяндаған дастан емес. Ол сонымен қатар, қоғамдық мәні бар әңгімелерді қамтыған, халықтың өткендегі тұрмыс-салтын суреттеген жыр.
...