0 дауыс
2.1k көрілді
Уақыт деген не деген сұрақ қойылса, көптеген адамдар “Уақыт деген - ақша” (Время -деньги) деген жаттанды сөз айтады. Ал шын мәнінде Уақыт деген - өмір! Ақшаны жоғалтсаң табуға болады, ал уақытты жоғалтсаң қайтып келмейді.

Жетістікке жету үшін уақытты тиімді пайдаланудың маңызы өте зор.
Қарапайым техника:
Бір айға, болмаса кемінде 1 аптаға алда тұрған жұмыстарыңызды жазба жүзінде жоспарлап үйреніңіз. Кешке жақын ертеңгі істейтін шаруаны мұқият минутпен жоспарлап тастауды әдетке айналдыру керек

Және де барлық жұмыстарды 3 топқа бөліп тастаңыз:

ШМ (Шұғыл маңызды) жұмыстар:
Мысалы: (Бақша мен ден саулық мәселесіне арнап жазамаын, түсінікті болу үшін, Бизнеске байланысты осыған қарап түсініп, көшіріп жазуға болады)
Бақша.
1. Бақша: Суғару мен арам шөп жұлу. Дер кезінде суғармасаң кейін не істесең де жеміс ала алмайсың.
2. Ден саулық: Бір жерің ауырып тұрғанда бірден дәрігерге бармасаң кеш болады

ШЕ ӨМ (Шұғыл емес, өте маңызды)
Бұл істерді әдетте кейінге қалтыра береміз, қалтыра береміз. Өйткені қысып жатқан жоқ. Бірақ уақыты келгенде олар бізге орасан зор қиындық және зиян әкелуі мүмкін. (Білім алу осы категорияға жатады)

1. Бақша: Бақшаға тыңайтқыш себу. Келесі жылға дайындық
2. Ден саулық: Спортпен айналысу, ренгенттен өту, тб
Бұл шаруаларды ойланып, алдын ала уақыт тауып, қайткенде жоспарлап істеу керек! Күннің кемінде 50% осындай болашаққа керек жұмыстарға арнау керек ! Приоритет №1 деп аталады бұндай шаруалар. Бизнесмендер жай адамдардан осы ПРИОРИТЕТТІ анықтай білуімен ерекшеленеді

ҚШ (Қатардағы шаруалар)
Ұсақ түйек, маңызды емес шаруалар. (Кино көру, қыдыру, тб) Бұл шаруаларды істеу оңай, біреуге тапсырсақ болады. Оны біреуге тапсырып үйрену керек. Істелінбей қалса сонша зиян әкелмейді

4 жауап

+1 дауыс
  • Уақыт тас екеш тасты да тоздырады.
  • Елу жылда ел жаңа.
  • Адамды заманы билейді.
  • Уақыт керуеніне бөгет жоқ.
  • Жасы бір құрдас емес, заманы бір құрдас.
  • Заманына қарай заңы, тоғайына қарай аңы.
  • Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені.
  • Жан жарасына уақыт емші.
+1 дауыс
Уақыт деген адамның өмірі... Қайтар алмайтын ең қымбат құралың да, сыйың да осы. Сондықтан әр секундтыңды босқа өткізбеуге тырысу керек меніңше...
0 дауыс
Кеңістік-үш осьті,екі бағытты,? квантты.
Бағыт=3*2
Квант=3*2*?

Уақыт кеңістіке пропорция болса-уақыт бар,уақыт кеңістікке пропорция болмаса-уақыт жоқ.Уақыт кеңістіктегі өзгеріспен(жиілікпен) өлшенеді.

Ось пропорция уақыт-әсер(электромагнит(заряд пен магнит) және гравитация).Бағыт пропорция уақыт-әсер таңбасы.Квант пропорция уақыт-әсер мөлшері.

Мысалы жиілік,уақыт пен кеңістік пропорциясы

v=кеңісті(толқын)/уақыт=1/уақыт=Герц

Квант(бөлінбейтін бөлшек)-релятивизм әсеріне ұшырамайды(сопаймайды).
0 дауыс
Жылдамдық өссе уақыт баяулайды,жарық жылдамдығы өссе уақыт өткен уақыт.Жарық жылдамдығы жылдамдықтың шегі емес,жарық жылдамдығы қазіргі заманғы тұрақты шама-уақытқа баяу өзгереді.Жылдамдық пен жарық жылдамдығы-уақыт пен кеңістік пропорциясы.
Жарық жылдамдығы артса-өткен уақыт,кемісе болашақ уақыт.Дәлелдеу,егер,релятивизмді шектеулі деп алсақ,жылдамдық жарық жылдамдығына жақындап,уақыт баяулап шегіне жетті дейік.Одан әрі уақыт баяуламайды,демек одан әрі уақыт өткен уақыт.Уақыт баяуласа жылдамдық жарық жылдамдығына жетеді,егер жарық жылдамдығы өзгермесе(артпаса) уақыт баяулап өткен уақытқа жетсе,онда жыодамдық жарық жылдамдығынан асып кетер еді,олай болуы мүмкін емес,сондықтан өткен уақытта жарық жылдамдығы артса-жылдамдық жарық жылдамдығынан кіші болады әдеттегідей.
...