+17 дауыс
8.9k көрілді
Жақында үйміздің терезелерін ауыстырмақшымыз. Соған қайта терезе орнатқанда келісе алмай жатырмыз. пластикалық терезе орнатқан дұрыс па? әлде ағаш терезе орнатқан дұрыс па екен? Нақты дәлелмен толыққанды жауап берсеңіздер. Тек пластикалық жақсы немесе ағаш терезе жақсы деп жауап керек емес. Толыққанды жауап алсам деймін. (nod)

<span style="color: red;">p.s. Дұрыс сұрақ қоюдың мысалы сайттың қолданушыларына! Егер сұрақты қазақша әріптермен толық етіп, сұрақтың негізгі бөлігіне сұрақтың негізгі бөлігін сұрақтың ішіне сұрақ туралы толық жазып түсінікті етіп қойсаңыз сол кезде жауапты тез аласыз. Осы сұрақ қалай дұрыс сұрақ қою керек екенінің мысалы!</span>
Сұрақтың жабылу себебі: Алынған жауаптар жеткілікті сияқты.
негізінен пластикалық терезелерді қондырған жөн, олар әрі әдемі әрі жаңа үлгіге сай келеді , ағаш терезе қойыңыз деген адамдарға айтарым осы қазір бұрынғы заман артта қалды қазір жаңа дәуір, жаңа техника жаңа заттар сондықтан заман ағымымен жүрген жөн деп ойлаймын бір жақсысы пластикалық терезелер салқын өткізбейді жылы әрі әдемі жарық  терезе сүртетін сұйықтықпен де тазалағанда ыңғайлы

18 жауап

+6 дауыс
 
Жақсы жауап
Ағаш терезе қойған дұрыс сияқты. Қанша дегенмен, табиғи материал ғой, үнемі терезе ашылып тұрмайды, үйдің ішіне жақсы ауа өтіп тұрғаны адам денсаулығына жақсы. Пластик дерезе күтім аз қажет етіледі, сәндік үшін де өзінше әдемі көрінуі мүмкін. Бірақ үйдегілердің денсаулығы үшін ағаш терезе қояр едім.

Бұрын бізде ағаш терезе болған, кейін пластикке ауыстырдық. Маған ағаш терезе болғаны ұнайды, пластик терезеден гөрі. әрине, кейбірлердікінде Кеңес одағы кезінде қойылған ағаш терезелер, сондықтан ағаш терезелер онша емес деп ойлар, бірақ жақсы ағаш терезелері де бар ғой сатып алса.
Толық келісемін. және де Пластик терезелер поливинилхлоридтен жасалады. тура аудармасы-ядовитый пластик.  денсаулыққа өте  зиянды заттар бөлінеді. дамыған шет елдерде(Америка, Европа). Бұл зиянды заттар біртіндеп, білдіртпей көптеген жылдар ішінде кацерогенді(қатерлі ісік тудыратын),мутагенді(ағзанын генетикалық аппаратынын құрылымын өзгертетін), ағзаларды  улайтын қасиеті бар. Сондықтан ойланыныздар.
Әрине ағаш терезе жаксы , пластикалық терезе ден саулыққа өте зиян, оның әдемілігіне қызығуға болмайды.қазір соңғы үлгідегі ағаш терезелер жасалып жатыр ,әйнегі қос қабат дәл пластикалык терезенікі сияқты.
Менде келісемін
+5 дауыс
пластикалықтың қытайлық түрі емес,турецкиі жақсы ал ағаш дымқыл күндері көгеріп кетеді өз басымыздан өткен сосын сәндік үшін де пластикалық әдемі
+5 дауыс
Ағаш терезе орнатқан дұрыс сияқты.Теледидиардан естігенім бар(шамасы,Еуразия телеарнасының "Доброе утро" бағдарламасынан болуы керек), пластикалық Еуропа терезелері үйдің ішіне мүлдем ауа өткізбейді, бұл өз кезегінде түрлі аурулардың пайда болуына ықпал етеді.Ал ағаш терезелер ауа өткізеді.
http://www.spec-okna.ru/der.htm
+5 дауыс
Ағаш терезеге көп күтім керек, жыл сайын сырлау, ашып тазалау, айналасын бітеу деген сияқты,
 Денсаулыққа зиян болғанмен пластик терезені қондырасың да қоясын, бұл екеуінің артықшылығы да кемшілігі де осылар, енді ойланып қалағаныңды қондыр
+10 дауыс
Қыздардың да ойын тыңдап көріңдер))  Ағаш терезелер расында жұмысы көп, сырлау дегендей, одан кейін ағаш терезелердің арасына тез шаң толғыш келеді, сол үшін ашып-жабуға тура келеді. Ал оны сүртіп жатып бірде қолың жетпесе енді бірде нәп-нәзік қолдарыңды жырып аласың, сосын жылға жетпей бояуы түседі де жүреді..... жалпы айта берсең машақаты көөөп. Ал пластикалы терезелер сүртуге де оңай, ауа кірмейді десең жоғарғы жағына арнайылап форточка жасатып қойса болады ашып-жауып тұрғанға, сеткасын қойып қоясын, және терезелері де оңай сына қоймайды.   Тек оның китайский немесе турецкий дегені болар деп ойламаппын. Біз де жақында пластик қоймақшы едік, есте жүретіндей екен.....
+3 дауыс
Пластикалық терезе жақсы әрине. Қыста оте жылы болады
өте дұрыс! Қыстың күндері жылы болады.
0 дауыс
Біздің үйдің пластик терезесінен қатты жел кіреді.!Енді ағашқа ауыстырмақшымыз.!Пластик жаман демеймін жалпы қазіргі шығып жаьқан пластик терезелер сапасыз.!Ал ағаш терезелердің жаңа үлгілері жығуда.!Жалпы айтқанда ағаш жақсы деп ойлаймын.!!!!!
Терезесіндегі резинканы ауыстырсаңыз болады.
+1 дауыс
Ағаш терезе алған жақсы.Өйткені пластик терезе болса үйініздегі телефон,компьютер т.б. құрылғылар радиация бөлгенде  сырқа шығармай ұстап қалады.
Пластикалық терезе жақсы!
+2 дауыс
пластик терезелер жақсы болып келеді. Пластик терезлердің артықшылығы жыл сайын жазда бояп әуре болмайсыз. Терезеңіз шытынамайды. Қыста  пластик терезені қырау баспайды. Жазда ішке шаң кірмейді. Қалаған уақытыңызда терезені ашып-жауып қоясыз. Қысқасы керегеңіз кең, терезеңіз пластик болсын.
пластикалық терезе  дұрыс
+1 келісемін. Пластикалық терезелер жақсы.
0 дауыс
мен ағаш терезені жөн көремін ! тек сапалы болса жақсы
0 дауыс
АғАШ ТЕРЕЗЕ ЖАҚСЫ!!!!Өзіміз ағаш терезені сапалы деп ойлаймыз
АҒАШ ТЕРЕЗЕ жақсырақ қоі!!!
+1 дауыс
әрине пластикалық терезе 100 есе жақсы! себебі ағаш терезеден жел тез өтеді, ал жуырда пласт. терезені салғаннан кейін үйіміз жылы, тіпті ыстық болып кетті)
0 дауыс
Үйіміздікі пластик.Бірақ мен ағаш терезені жөн деп санаймын.
+1 дауыс
Қайсысы қымбат, сол жақсы шығар )))
0 дауыс
Қазір пластикалық терезелер көп қойылып жатыр ! Пластикалық терезе жақсы
...