Қазақстанның қазіргі заңнамаларына сәйкес, балаларын жалғыз тәрбиелеп отырғандарға арнайы жәрдемақы жоқ. Толық емес отбасыға жәрдемақы мен басқа да төлемдер барлығымен бірдей беріледі.
Барлық аналар сияқты жалғызбасты ана да бала тууына байланысты тағайындалатын бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы, бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты төленетiн ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы, 18 жасқа дейiнгі балаларға тағайындалатын ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы, мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны алуға құқылы.
Тұрғын үй көмегін алу үшін қандай құжаттар жинау қажет?
Аталған көмекті заңдастыру үшін, халыққа қызмет көрсету орталығына мына құжаттарды апару керек:
- Өтініш;
- Жеке басын куәландыратын құжат;
- Отбасының табысын растайтын құжаттар;
- Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
- Коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шот;
- Телекоммуникация қызметтеріне арналған түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
- Жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.