+1 дауыс
20.6k көрілді
Температура және оның өлшем бірліктері туралы реферат қайдан алсам болады?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Температура дегеніміз - молекулалық физикада, оның ішінде термодинамикадатемпература деп аталатын физикалық шаманың алатын орны зор. Алғашқыда температура ұғымы дененің жылулық дәрежесін көрсету үшін енгізілді. Жылудың түрліше дәрежесі денелер жанасқанда өтетін жылу процесі бойынша ажыратылады. Жылуды беріп жатқан дене ыстығырақ болады, демек, оның температурасы жоғарырақ. Жылу алмасу нәтижесінде екі дененің де температуралары теңесіп, жылулық тепе - теңдік орнайды. Жылулық тепе - теңдік тек екі дененің жанасуы кезінде ғана емес, бірнеше денелер жанасқанда да пайда болады. Жылулық тепе - теңдік кезінде барлық денелердің температуралары бірдей, сондықтан оны жылулық тепе - теңдік күйінің сипаттамасы деп есептеуге болады. Ден температурасын өлшейтін аспапты - термометр деп атайды.

Термометрлік дененің температурамен бірге үйлесімді өзгеріп отыратыны белгілі бір сипаттамасын, мысалы, газдың көлемін немесе қысымын алып, қайталануы жеңіл, бірқатар тұрақты температуралық нүктелерді тағайындайды. (судың қайнау, қатаю
нүктелері). Бұл нүктелер реперлік нүктелер деп аталады. Реперлік нүктелерді таңдау арқылы түрліше температуралық шкалаларды алады.

1. Фаренгейт шкаласы. 1724 ж. Ұлыбританияда және Голландияда жұмыс істеген неміс физигі Фарангейт ұсынған. Реперлік нүктелер:
0 F - 1709 ж. ерекше суық қыстың температурасы 32 гр F – мұздың еру температурасы 98 гр. F. бұл шкала бойынша судың қайнау температурасы 212 гр F. Фаренгейт шкаласын АҚШ - та пайдалана - ды.

2. Реомюр шкаласы. 1730 ж. француз жаратылыстанушысы Реомюр жасаған. Реперлік нүктелері: 0 гр. Р – мұздың еру температурасы: 100 гр С - судың қайнау температурасы.

3. Цельсий шкаласы. 1742ж. швед астрономы және физигі Цельсий жасаған. Реперлік нүктелері: 0 гр С – мұздың еру температурасы; 100 гр С - судың қайнау температурасы.
Абсолют температуралар шкаласы. Тұңғыш рет температуралық шкаланы физикалық құбылыстың негізінде жасаған ғалым, ағыл - шын физигі 1848 жылы Томсон Уильям ғылыми жетістіктері үшін лорд Кельвин атанды. Цельсий шкаласы бойынша - 237 гр С температураға 0 К сәйкес келеді. Бұл мынадай байланыста болады. Т = t + 237
...