0 дауыс
9.7k көрілді

3 жауап

–1 дауыс
 
Жақсы жауап
Әдептілік арабша «Адаб», зауқ дегенді білдіреді. Ислам діні бойынша әдеп үш түрге бөлінеді. Олар:
 1. Аллаһ Тағаладан болған әдеп.
 2. Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) болған әдеп.
 3. Адамдармен болған әдеп.
 Адамдармен әдеп ең бірінші отбасында қалып- тасып, орнығады. Бұл Сіздің ата-анаңызға көрсететін әдебіңіз. Адамдар әке-шешесінен кейін әйелге әдеп-тілік танытуға тиісті. Мұнан кейін көшеде, қонақта, жұмыста, қоғамдық орындарда әдептілік сақтауға тиісті.
 Сәлемдесу
 Екі мұсылман бір-бірімен кездескенде міндетті түрде сәлемдесуге тиіс. Олар араз ба, тату ма, ол маңызды емес. Себебі сәлемдесу – Пайғамбарымыздан қалған сүннат. Ал енді сәлем бергенде оны естіген екін- ші мұсылман ризашылық-пен қабыл алып, сәлемге сәлеммен жауап қайтарады. Бұл – шариғатта «фарз айнға» жатады. Ұлық пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Ара-ларыңа сәлемді жайыңдар» - деп сәлемдесудің мұсыл-мандық міндет екенін өсиет етіп айтып кеткен. Егер де біз сезімізге берілген сәлемге сәлеммен жауап қайтармасақ, онда оған дұшпандық, өшпенділік танытқандай, жамандық ойлағандай оны күдікті жағдайға қалдырамыз.
 Сәлемдесудің абзал түрі:
 «Әссәләму аләйкум уа рахматуллаһи уа бәрәкәтуһ».
 Оған қайтарылатын жауап:
 «Уа алейкумүс сәләм уа рахматуллаһ уа бәрәкәтуһ».
 Таныстарға сәлем беріп, сәлемге жауап алғанда екі арадағы татулық, ынтымақ нығайып, сыйластық артады. Ол адам жөнінде күдікті, жаман ойларға бармайсың. Сәлемдесу – Расулуллаһтың (с.ғ.с.) сүннаті.
 Қазақ дәстүрінде бірнеше сәлемдесі дәстүрі бар. Алайда олардың бәрінде де жасы кішілер бірінші болып сәлем береді. Әдетте сәлемдескенде қол алысады. Онда адамдар алақандарын бір-біріне түйістіріп ұстайды. Ол – «мусафих» деп аталады. Қол алысқанда саусақтың ұшын беріп сәлемдесу - әдепсіздік.
 Жасы үлкен, кіші болсын, көп адам жиналған жерге келген кісі ең бірінші көпшілікпен сәлемдеседі. Сырқат, мүгедек жанға сау адам ең бірінші сәлем бергені абзал.
 Әйелге ер адам, басты-ғына қызметкері, жастар үлкенге ең бірінші сәлем береді. Амандасқанда біреуге басыңызды иіп, иығыңызды қозғап, қолыңызды көтеріп, көзіңізді қысып, ерсі әре- кет жасамаңыз. Егер де сә-лем берген кісіңіздің құла-ғы естімесе, оған сәлемі- ңізді ымдап түсіндіруіңізге
 болады.
 Сәлем беруде берік ұстанатын қағидалар:
 1. Танысын, танымасын жасы кіші адам үлкенге сәлем бермей өтпейді.
 2. Ат үстінде тұрып сәлем бермейді.
 3. Атты адам жаяуға бірінші сәлем береді.
 4. Танитын адамдармен сәлемдеспей, немесе сәлемін алмай өтпейді.
 5. Келе жатқан адам отырған адамға сәлем береді.
 6. Әкесінің, шешесінің көзін көргендерге айрықша сәлем беріп, құрмет көрсетеді, батасын алады.
 7. Кешке не түнде үйге кірген адам: «Кеш жарық!» деп сәлемдеседі.
 Қандай жағдайда сә-лемдесуге тиым салынады?
 1. Әжетханада отырғанда.
 2. Ер мен әйел жұпта-сып жатқанда (Байқамай, кездейсоқ үстеріне кіріп барсаңыз).
 3. Ұйықтап жатқан кісіге.
 4. Моншаға түскенде.
 5. Аузыңызда ас шайнап отырғаныңызда.
 6. Дұға оқып отырған кісіге.
 7. Азан айтып тұрғанда.
 8. Құран Кәрімді оқып отырғанда.
 9. Намаз үстінде.
 10. Тілек айтылып, бата беріліп жатқанда.
 11. Ихрам кезінде («ләб-байка», «ла шарика ла ка» тәрізді қасиетті зікірлер айтып отырғанда.
 12. Жезөкшелерге, зіна- қорларға, дінбұзар залым-дарға қол беріп амандасуға болмайды.
 13. Бет пішіні әйелге ұқсас көселермен амандасқанда олардың бетіне сұқтанып қарамайды.
 14. Күнде көріп жүрген таныстармен көрісіп амандаспайды.
 Қол алысу шарттары
 Егер де өзіңмен бірге туған апа-қарындасың, некелі әйелің болмаса, басқа әйелдермен қол алысып амандасудың қажеті жоқ. Егер де қадірлі кісімен қол алысып амандасқаннан кейін оның қолынан сүйіп, құрмет көрсетсеңіз айыбы жоқ. Туған-туысың, жолдас-достарың ұзақ сапардан қайтып оралса, әйтпесе олардың көптеген бері көрмесең қол алысып амандасып, құшақтасып көрісіп, сәлемдесуіңе болады. Солардың ішінде жас балалардың бетінен, маңдайынан сүйген айып емес. Алайда ересек адамдардың (ерлердің) бір-бірімен сүйісіп амандасуы – ерсі саналады.
 Қызмет орнына, бөлмеге келген адамдармен ер адам түрегеліп амандасады.
 Ата-ене күйеу баласы-ның, келінінің маңдайы- на ернін тигізбей, жеңге-сі қайын сіңілісін, апалы-сіңілілер бір-бірін бетінен сүйіп, құшақтасып көріседі. Ислам діні адамдардың өзара сәлемдесуіне айрықша мән берген. Құран Кәрімнің Ниса сүресінің 86 аятында былай деп айтылған: «Егер сізге сәлем берілсе, сіз онан жақсырақ болмаса да, тап өзіндей етіп жауап қайтарыңыз». Ал енді Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардан: «Исламның ең жақсы сипаттары қайсылар?» деп сұрағанда, ол: «Аштарға тамақ беру, танитын, һәм танымайтындарға сәлем беру» деп жауап қайтарыпты.
0 дауыс
*ІІ жартысы:*

 Халық даналығы: «Сөз атасы – сәлем».
 Көшеде жүру Сыртқа шыққанда асығып-үсігіп, жолай киініп, өкшеңді тарсылдатып тез жүру - әдепсіздік. Асықпай, аптықпай, сабырлы қозғалған дұрыс.
 Көшеге шыққанда аяқ киімді (туфли, кебіс, етік, пима т.б.), мәсіні жалаң аяқ киюге болмайды. Сыңар аяққа кебісіңізді, туфлиіңізді іле салып, көшеге шығу да әбестік. Шұлғауыңыз, шұлығыңыз таза болсын.
 Жеке жүріп сейілдеудің сөкеттігі жоқ. Тек қасыңызда адамдар болса, олардың алдына түсіп, озып кетпеңіз.
 Көшенің тар жеріңде, қақ суы, балшық бар тұстарда басқа бір кісімен бетпе-бет кездесе қалсаңыз, қабаттаса жүрмей, жол беріңіз. Сонда екеуіңіздің де киімдеріңіз былғанбайды.
 Көшеде келе жатқанда жан-жағыңызға алақтап қарай бермеңіз. Аяғыңыздың астына назар салыңыз.
 Көпшілік жиналған жерлерде, базарда жұртты ығыстырып, кимелеп алға ұмтылмаңыз. Мұндайда біреуді қағып-соғып, аяғын басып кетуіңіз мүмкін.
 Сөйлесіп тұрған адам-дардың ортасынан бұзып өтпеңіз. Әйелдерді қағып-соғып кету тәрбиесіздік, дө-рекелік екенін ұмытпаңыз. Көшеде дін жолындағы құрметті кісілерді кездес-тірсеңіз, олардан озып, алдына түспеңіз және де ырым жасап олардың ізін басып жүрмеңіз.
 Танысыңызбен кездессе-ңіз, көшеде тұра қалып бос сөзбен уақытын алмаңыз. Жеке шаруаңыз болса, шеткері шығып айтыңыз. Келе жатқанда жолда тас, кесек, шыны тәрізді өзгелер-ге зияны тиетін заттар- дың жатқанын көрсеңіз, оны шеткері шығарып тастаңыз.
 Егер де көтере алмасыңыз айыбы жоқ.
 Қақырық, түкірік келіп қалса, алды, артыңызда келе жатқан адамдарды өткізіп жіберіп, оны сол жағыңызға қарай түкіріп, қақырып тастаңыз да, топырақ болса, көміп кетіңіз. Мұсылмандарға құбылыға қарата дәрет сындыруға, басқа да қажетін (діни емес) өтеуге болмайды.
 Көшеде жәрдем, жөн сұраған адамға дұрыс жауап беріңіз. Қолыңыздан келсе көмектесіңіз. Қайыршыларды тілдеп, боқтап қумаңыз. Көшеде еш мақсатсыз, бостан-бос сенделіп жүрген жараспайды. Жол үстінде келе жатқандар сәлемдеспей, өтпейді.
 Жиынға қатысу, жиында отыру «Расулуллаһ (с.ғ.с.):
 «Сендерден кімде-кім еш-қашан адамды отырған жерінен тұрғызып, орнына отырушы болмасын. Отырғанда ығысып, ыңғайласып оты-руға тырысыңыздар». (Хадисті Ибн Омардан (р.л.ғ.) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят еткен).
 «Сендерден кімде-кім отырған орынан тұрып, кейін қайтып келетін болса, ол сол орынға отыруға құқы-лы болады» (Хадисті Әбу Һурайрадан (р.л.ғ.) Имам Муслим риуаят еткен).
 «Біз Нәбиге (с.ғ.с.) келгенімізде шеттегі бос орындарға отыра беретінбіз» (Хадисті Жәбир ибн Самурадан (р.л.ғ.) Имам Әбу Дауд және Имам Тирмизи риуаят еткен).
 «Екі кісінің арасына тек солардың рұқсатымен оты-руға болады» (Хадисті Ъамр ибн Шуъаибттан (р.л.ғ.) Имам Әбу Дауд және Имам Тирмизи риуаят еткен).
 «Бір адам баса – көктеп келіп төрден орын алды. Хузайфа (р.л.ғ.) оған қарап тұрып: «Алла Таға-ла пайғамбары Мұхаммед (с.ғ.с.) жиынға келіп, тілімен адамдарды жәбірлеп, төрге қарай ұмтылғандарды лағнеттеді», - деді» (Хадисті Әбу Мижләздан (р.л.ғ.) Имам Тирмизи риуаят еткен).
 Жиында орынан тұру Расулуллаһ (с.ғ.с.):
 «Кімде-кім жиынға қаты-сып, онда бос мылжың сөзге тап болса, жиыннан тұру алдында: «Я, Аллаһ Тағала! Сен кемшіліктен пәксің. Я, Тәңірім! Барлық мақтау Өзіңе тән. Мен Сенен басқа Тәңірдің жоқтығына куәлік беремін. Күнәларым үшін жарылқау тілеп, тәубемді қабыл етуінді тілеймін», - деп айтса, оған жиында болғанның күнәсі кешіріледі». (Хадисті Әбу һурайрадан (р.л.ғ.) Имам Тирмизи риуаят еткен).
 «Жиында болып, орнынан тұру алдында Расулуллаһ (с.ғ.с.): «Я, Аллаһ Тағала! Сен кемшіліктен пәксің. Я, Тәңірім! Барлық Өзіңе тән. Мен Сенен басқа Тәңірдің жоқтығына куәлік беремін. Күнәларым үшін жарылқау тілеп, тәубемді қабыл етуіңді тілеймін», - деді. Мұны естіген біреу: «Я, Расулуллаһ (с.ғ.с.)! сіз осы кезге дейін бұл сөзді айтпаған едіңіз», - дегенінде Ол (с.ғ.с.): «Бұл жиында айтылғанның кәффараты», - деп жауап берді». (Кәффарат – айып төлеу) (Хадисті Әбу Барзадан (р.л.ғ.) Имам Әбу Дауд риуаят еткен).
 «Жиын бола тұрып, ол жиында Аллаһ Тағала еске алынбаса, ондай жиыннан тұрған қауым есектің өлімтігінің жанында отырған болады. Осының себебінен ол қауым қасірет шегеді». (Хадисті Әбу һурайрадан (р.л.ғ.) Имам Әбу Дауд риуаят еткен).
 «Жиында отырып Аллаһ Тағаланы еске алмаған және Оның Пайғамбарына (с.ғ.с.) салауат айтпаған қауымға Аллаһ Тағаланың тиісті жазасы болады. Аллаһ Тағала ондай қауымды қаласа жазалайды, қаласа жарылқайды». (Хадисті Әбу һурайрадан (р.л.ғ.) Имам Тирмизи риуаят еткен).
 «Аллаһ Тағаланы еске алмай отырған және ұйқы-ға жатқан адамға Аллаһ Тағаланың тиісті жазасы болады». (Хадисті Әбу һурайрадан (р.л.ғ.) Имам Әбу Дауд риуаят еткен).
 Көпшілік арасында Қонақта, үйіңізде, жиында, ойын—сауықта, көпшілік арасында отырғаныңызда өзіңізді сабырлы, сыпайы ұстап, қызбалыққа салынбай, ұстамдылық танытыңыз.
 Егер де осындай ортада ұстазыңызды, қамқор-шыңызды кездестіре қал-саңыз, оған ерекше құрмет көрсетіп, алдына түсіп жалпақтап, жағымсыз қылық жасамаңыз. Сыпайы түрде ізет көрсетсеңіз болғаны.
 Жиынға, тойға көпшілік арасына уақыт өткізу үшін ғана бармаңыз. Өйткені әрбір жиынның, отырыстың өзіндік мән-мақсаты бар. Көпшілік арасына жуынып-шайынып, таза киініп барғаныңыз дұрыс. Сізден жағымсыз иіс шығып тұрмасын. Иманды, парасатты, жақ-сы мінез-қылықты адамдар отырған жерге ғана ба- рыңыз. Өйткені мұндай адамдармен сұхбаттасып, ру- хани жағынан байып қайт- саңыз, қаза болған нама-зыңызды кейін өтей аласыз. Егер де әдепсіз, тәрбиесіз адамдармен уақытыңызды босқа өткізсеңіз, оны кері қайтарып ала алмайсыз. Намазыңыздың да босқа қаза болғанына қатты өкінесіз. Көпшілік арасында халық-қа қадірлі кісі отырса, көбінесе жүзіңізді сол кісіге қарай бұрыңыз. Егер де екі-ақ адам бас қосса, бір-біріне қарама-қарсы отырады.
 Көпшілік арасында өзің- ді елден ерекше ұстап, ерлік істеріңіді, қайырым-дылығыңызды, төзімділі- гіңізді, тағы да бас- қа қасиеттеріңізді, оқиға- ларыңызды айтып мақ-танбаңыз. Өзгелерді оған куәлікке тартып, «Түген- шеке, солай емес пе?» деп оны қостаушы етіп қоймаңыз.
 Қасыңыздағыларды мінеп-сынап, жазықсыз тиіспіп, кекетіп-мұқату, бейпіл сөйлеу – мәде- ниетсіздік, тәрбиесіз- дік. Көпшілік ортасында әйелге қол көтермек түгілі, соларға қатты сөз де айтпайды. Жиналған жерде бөгде, танымайтын бір адам отырса, кім екенін, қайдан келгенін, не істейтінін, отбасын сұрап, мазасын алмаңыз. Олармен әдеп-ті қарым-қатынас жасап, сыпайы түрде ғана танысыңыз.
 Лажсыз жөтелсе, түш-кіре қалсаңыз, қатты дыбыс шығармауға тыры-сыңыз. Бет орамалыңыз-бен аузыңызды, мұрны- ңызды жауып, түкірік, шашыратпаңыз. Түш-кіргеннен соң «Әлхам-дуллилаһ» деп айтыңыз.
 Жиында, көпшілік ара- сында дөрекі әзіл-қал-жың, әдепсіз анекдот айт-паңыз, тұрпайы қылық танытпаңыз.
 Көпшілік арасында біреу ұқыпсыз, ұятсыз әрекеттер жасап, тіпті күнәлі істерге барса, жасы, лауазымына, туысқандық жақындығына қарамастан оған ескерту жасауға, теріс ісін түсіндіруге, елдің шырқын ала берсе көпшіліктің келісімімен оның ол жерден кетуін өтінуіңізге, талап етуіңізге құқыңыз бар.
 Мұрныңызды шұқы-маңыз, басыңызды қасы-маңыз, құлағыңызды таз-артпаңыз.
 Ғалымдардың, дін дағу-атшыларының, қадір-лі кісілердің айтқанын тыңдау, одан ғибрат алу - әдептілік, ақылдылық.
 Егер де реті келсе, сақал, мұрт өспейтін көсемдердің қатар отырмаған дұрыс. Жезөкшелердің де жанына жуымаңыз.
 Қонақта, жиында, концертте әрлі-берлі қисайып, жаныңдағылардың мазасын алмаңыз. Оларға жөнсіз сұрақтар да қоя бермеңіз.
 Көпшілік арасында мұ-сылмандар тең дәрежелі. Сол себепті мен: «мына кісілерден артық едім, төрге шығуға, олардан жо- ғарырақ отыруға тиісті едім» деп айтпақ түгілі олай ойламаңыз да. Тек есіңізде болсын, көпшілік арасында мұсылмандардың діни, рухани жетекшілеріне, Құранды жатқа білетін қариларға, ел ағаларына, ақсақалдарға ерекше сый-құрмет көрсетіледі. Олар- мен дәреже таластырмаңыз.
+1 дауыс
Әдептілік — адам бойындағы жағымды қасиет, оның қоғамда қабылданған әдеп талаптарын мінсіз орындауы. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Ә-ке ерекше мән беріледі. Әбу Наср әл-Фараби “Қайырымды қала адамдарының көзқарастары” атты еңбегінде Ә-ті әрбір жеке тұлғаның рухани байлығы деп есептейді. Ғұламаның этика жөніндегі тұжырымдарында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Сондықтан мейірбандық Ә. ұғымын толықтыра түседі, оны ұдайы жетілдіріп отырады. М. Жұмабаев 1922 жылы жазған “Педагогика” оқулығында Ә. пед. сендіру, мәдениеттілік, тәрбиенің нақты іске асқан үлгісі екенін айтқан. Пед. ғылымында Ә. гуманистік Ә., демократиялық Ә. және діни Ә. болып бөлінеді. а) Гуманистік Ә. — оқу-ағарту жүйесін және жоғары мәдениеттілікті арттыруға негізделген; б) Демократиялық Ә. — қоғамның рухани дамуы мен экон. жетілуінің басты мәселесі ретінде шешуші рөл атқарады; в) діни Ә. — гуманистік және демократиялық Ә-ті жүзеге асырудың бір тірегі болып табылады.
көп көп рахмет!
Кеш-жарық. Оқасы жоқ!
...