0 дауыс
965 көрілді
Алматы қаласының 1000 жылдық мерей тойымен құттықтаймын! Тарихты көп білмеймін. Сұрайын дегенім Алматы қала атағын,атын кім қойған? Жəнеде Бұл Алматыға 1000 жыл болғанда Қазақ хандығына неге 550 ғана жыл?
Бұрын қазақтар хандық құрмай Қала тұрғызып жүре бергенбе? Білсеңіз жазыңызшы...

1 жауап

0 дауыс

Алматы қаласы орнында бұрын көне қоныс болғаны баяғыдан белгілі. Кезінде шығыстанушы ғалым Василий Бартольд «16-ғасырда Алматы қаласының түбінде екі ханның ірі шайқасы болған» деп жазған. 1929 жылы қорымды қазу кезінде 1-ғасырда соғылған теңге табылған. Ғалымдар қала орнында 1-ғасырдан бастап бірнеше қоныс болған деп жорамалдайды. 1930 жылдары газеттер бұл фактілердің бәрін жазған.
Бұл деректер кейін де ашық жарияланды. 1960 жылы туристерге арнап шығарылған «Алматы және оның төңірегі» деген буклетте: «Осыдан 100 жылдан көп бұрын – 1854 жылы мұнда қазақтардың ежелгі қонысы Алматының орнына орыстар Верный әскери бекініс салған» деп жазылған.
Бірақ көпке дейін Алматы қаласының тарихы 1854 жылдан басталады деп жазылып келді.
2000 жылдары жағдай өзгере бастады. 2004 жылы әкімдік қаланың 150 жылдығын салтанатты түрде атап өтеді деп хабарланды. Бірақ ақпарат құралдарында ғылыми дәрежесі бар авторлардың «қаланың 150 жыл емес, 1000 немесе одан да көп жылдық тарихы бар» деген мақалалары жариялана бастады. Ақыры қаланың 150 жылдығы ресми мерекеленбегенімен, ақпарат құралдары Алматының өткені туралы көп мақала жариялап атап өтті.
Шамамен 2004 жылдан бастап қаланың 1000 жылдық тарихы бар деген болжамды негіздеу үшін қызу жұмыс басталды. Академик-археолог Карл Байпақов жуырда өткен «Алматының мәдени жасы – 1000 жылдық тарихы» деген дөңгелек үстелді «талай жылға созылған дискуссияның қорытындысы» деп атады. 2008 және 2010 жылдары да бұл тақырыпқа халықаралық екі конференция арналған.
КӨП ЖЫЛДЫҚ ПІКІРТАЛАСТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Академик Карл Байпақовтың мәлімдеуінше, Алматы аумағында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде және кездейсоқ табылған археологиялық материалдар мен нумизматикалық коллекцияларды талдауға, этнографиялық және шығыстану саласындағы зерттеулерге сүйене отырып, Алматының жасы 1 мың жылдан кем емес деген ұйғарым жасауға болады.
Академиктің айтуынша, Алматы пайда болды деп болжанған 10-11-ғасырлар мұсылман ренессансы дәуірі болып, Шығыста әл-Фараби, Бируни, ибн-Сина, Омар Хайям сияқты мәдениет пен ғылым қайраткерлері өмір сүрген. Осы кезеңде шарықтап дамыған қала мәдениеті астанасы Алматы болған Жетісу өлкесін де қамтыған.
Ол замандағы қаланың келбетін Талғар қаласының (Алматыдан 25 шақырым жердегі) күнгей шетінен қазылған Талхир қалашығына қарап болжауға болады. Карл Байпақовтың айтуынша, бұл екеуі – егіз қала. 14-ғасыр мен 15-ғасырдың басындағы шапқыншылық кезінде Алматы қаласы қатты құлдыраған.
Ғалымның Азаттық тілшісіне айтуынша, біздің заманымызға дейінгі 3-ғасырдан біздің эрамыздың 6-ғасырына дейін тіршілік еткен Алмарасан қонысын қазу кезінде жаңа деректер табылған. Байпақовтың айтуынша, археологтар орта ғасыр дәуіріне тән архитектуралық стиль мен қала салу мәдениеті белгілерін байқаған.
Ғалым Ресейден келген қоныстанушылар пайдаланған суармалы егіншілік жүйесі мен қолөнер дәстүрі жалғастығын орта ғасырдағы Алматы мен Верный бекінісінен өсіп шыққан қала арасындағы сабақтастықтың дәлелі деп есептейді.
Қазақстан ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Жәке Таймағамбетовтің айтуынша, жаңа деректер табылса, Алматының тарихы 1 мың жылмен де шектелмей, бұдан да көне қала болып шығуы мүмкін.
Архитекторлар одағы төрағасы Сергей Мартемьянов Алматының жас шамасын өзге тәсілмен есептеуді ұсынады.
– Қаланың жас шамасын 1854 жылдан бергі деп те, 1000 жыл деп те көрсетпегеніміз жөн сияқты. Оның орнына жұрттың санасына «Алматы – ежелгі тарихы бар көне қала» деген ойды сіңіре берген дұрыс. Сонда бұл зиялы қауым қолдаған нағыз мемлекеттік шешім болады, – дейді.
Дөңгелек үстел қорытындылары бойынша қабылданған қарарда «Ежелгі Алматының орнында 1854 жылы салынған Верный (Алматинск) – Алматы қаласы – Алматы тарихының жаңа парағын ашқан қаланың 1000 жылдық тарихының маңызды бөлігі» деп жазылған.
АСФАЛЬТҚА КӨМІЛГЕН ТАРИХ
Алматының ежелгі тарихын зерттеудегі қиындықтардың бірі – қазіргі кезде археологиялық нысандардың көбі құрылыс астында көміліп қалған. Академик Карл Байпақов келтірген дерекке қарағанда, 1980 жылдары қазіргі 10-шағынаудандағы қорымның үстіне үйлер салынып кеткен.
 Ол кезде барынша қарсыластық, бірақ шенеуніктердің бюрократизмін жеңуге шамамыз келмеді, – дейді ол.
Археологиялық нысандарды жойылып кетуден қорғау проблемасын көптеген ғалымдар айтып жүр. Археолог Александр Горячевтің айтуынша, Бұтақты (Бутаковка) шатқалынан ежелгі 11 қоныс табылған. Ол экспедиция шығарып зерттеуге кіріскенге дейін оның алтауы ғана қалып, қалғаны құрылыс салған кезде жойылып кеткен. 8-10 мың жыл бұрын өмір сүрген адамдардың ежелгі тұрақтары табылған Бұтақты шатқалы – археологтар үшін таптырмас орын.
Архитектор Сергей Мартемьяновтің сөзінше, 2002 жылы құрастырылып, қазір түзетіліп жатқан Алматының бас жоспарында ескерткіштерді анықтау мен қорғау шаралары да ескерілуі тиіс.
Алматылық ғалымдар ЮНЕСКО-ға Алматының 1000 жылдығын ЮНЕСКО-ның мерейтойлар тізіміне енгізу туралы өтініш жолдауды ұсынады.
ЮНЕСКО-ның Алматы бюросының қызметкері Юрий Пешковтың Азаттық тілшісіне айтуынша, халықаралық ұйымға қабылдату үшін Алматының 1000 жылдық тарихына қатысты өтінішті толықтыру керек.

Толығырақ: https://www.azattyq.org/a/kazakhstan_almaty_history_of_city/25400343.html

...