Қарап тұрсаң, адамзат баласы табиғаттың сыр-сипатын, жұмбағын, қоғам өміріндегі түрлі болмыстың шындығы мен қайшылығын ой-сана қуатымен танып біледі. Соның ішінде өмір құбылыстарын образдық ой арқылы жеткізудің сан алуан көркемдік еркшеліктерінің бір парасы – тұрмыс-салт жырларында өзіне тән тұрмыс-тіршілігі суреттеледі дейді ғой. Онысы – шындықтың шарықтау белгісі. Адам баласының алға басуы, ой, сана-сезімінің өсуі, қоғамның экономикалық, тіршілік жағдайларына байланысты рухани мәдениеті – жан дүниенің табиғаты қаншалықты әсем болса, үлгісі де соншалықты жүйелі болып келетінінің көрінісі емес пе?! Өз жанын пида етсе де, Отанымызды қарсылас қатыгез жау қолынан қабырғасын қайыстырып қорғауға барлық жан-тәнімен ат салысқан батыр бабалардың, он саусағынан өнер тамған ұста-шеберлердің, “айтылған сөзі атылған оқпен тең” халық көкейіндегісін ашып айтар зерек те әділ би-шешендердің, терең ойлы, жүйрік шешімді, жылы жүректі жарқын мінезді, мейірімді жүзінен от шашқан, жалынға толы көз жанарынан өмірге көз қарасы мен дүниетанымы байқалатын, “келген адамға кет демейтін” қонақжай халықтың қолынан өтіп, ісімен дәлелдеген, көзімен көрініп, жүрегімен сезілген асыл да қымбат қазына келешек жас ұрпаққа өнеге-үлгі екенін жүректің суықтығын жылытып сезінген неткен ғанибет десеңізші! Оның қазақтың әдет-ғұрпының, салт-дәстүрінің, күллі этнографиялық құндылықтарының біо парасы іспетті болғаны Жағда Бабалықұлы сынды көрген-білгенін ақылға тоқып, соларды өмір бойына насихаттап, дәріптеген абыз қарияның соңында қалған асыл мұрасы – өте көлемді дүние екенінен байқаймыз. Баяғы бағзы замандағы жан-дүниесі бай, көрген-түйгені мол, өткен өмірінде елге еңбек еткен даналар, тарихы тереңде жатқан еліміздің бұл күндері ұмыт бола бастаған әдеп-тәрбиесі және болашағы жайындағы мақсат-мұратын пайымдап қағаз бетіне түсірді. Сондықтан тұрмыс-салт жырларын руханияттың бастау бұлағы деуге мол негіз бар.
Ауыз әдебиетінен кең орын алатын адам өмірінің үш кезеңінің, дүние парағын жаңадан ашып, қолына қалам алып өмірдің белестерін алғаш жаза бастаған кезінің, бас қосып үй болған, кейбіреуге шаттық әкелсе, енді біреулерге шерлі мұң сыйлаған отау құруының, асарын асап, жасарын жасаған, осы дүниеде сүрер ғұмыры аяғына тақап қалған жанның дүниеден өту кезеңінің әр бунағына сәйкес халықтың әр түрлі салты, әр елдің өзіне тән дәстүрі болатынына ешкімнің де таласы жоқ. Сол себепті еліміздің біртуар тұлғасы А. Байтұрсыновтың ғылымға енгізуімен дүниеге келген әдет-ғұрып фольклоры ұлы Абай ақынның рухани әрі түбіне үңіліп байқасаңыз ой мазмұнына толы:
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойынына кірер денең, - деген өлеңнің аз да болса әдет-ғұрыптың бір ұйытқысы болған үзіндісінде көтерілген мәселе тұрмыс жырларықазанның құлағы болса, адам өмірі – қазанның өзі екенінің бүкпесіз дәлелі. Ғасырлар бойғы тәрбие-тағылыммен, тіл және дінімізбен, көңілге қонымды өткір тілімізбен, әр ғұмыр жолында ұрпақтан келесі өренге жалғасқан өшпес мұра, әрі қайталанбас шежіремен өрнектеліп өрілген халықтың жоғары рухына толы әдет-ғұрып жырлары бар халық текті де теңдессіз болып саналады. Ендеше, М. Әуезовтің “Қазақ халқының эпосы” атты еңбектер жинағындағы: “Жалпы мағынасы, тұрақты образдар жүйесі, ортақ қайғылы сарыны, ой-түйіні орайлас болғанымен, “тұрмыс-салт жырларының” әр саласының, әр өлеңінің өзіндік ерекшелігі болады. Өйткені олар белгілі жағдайда, белгілі оқиғаға байланысты шығарылады” деп қосылған пікір оның мазмұн тереңдігі көркемдік ерекшелігіне сай екенін білдіреді.
Еліміздің әдет-ғұрып жырларымен егіз болып айырылмай жүретін, халықтың аса қадірлеп, барынша бейнелеп отыратын, қазақтың күн көрісінің, шаруашылығының негізгі саласы болған, сонау ескі заман елесі суреттелген, адамның тылсым табиғат сырын түсінбеген кезінде, сауса – сүт, сойса – ет, кисе – киім, мінсе – көлік тәрізді халықтың ғұмыр кешу мүмкіншілігінің негізіне айналған төрт-түлік малдың әрқайсысының өз иесі, мәселен,, жуастық пен момындықтың символы болған қой малының:
Шағаладай құрты бар,
Шопан ата баласы –
Қойлар бассын үйіңді!..
Қоймай бассын үйіңді! – дегендей Шопан ата тәрізді, ер қанаты және жеті қазынаның бірі – жылқының:
Ұзара берсін желісі,
Кеңи берсін өрісі...
Қамбар ата баласы –
Жылқы бассын үйіңді! – демекші Қамбар ата сияқты, күллі әлемді ақпен қамтыған сиыр төрт-түлігінің:
Зеңгі баба баласы –
Сыймай бассын үйіңді! – деген тұрмыс-салт жырларының бір парасында айтылғандай зеңгі баба секілді, күй талғамайтын, төзімділік қасиетімен бүкіл елді бас идірген түйе төренің Ойсылқара деген атасы болатыны бізге мәлім. Қай тұсынан алып қарамасақ та, ұшан-теңіз, сан қырлы, бір сырлы мәнге толған Л. Н. Гумилевтің “Көне түркілер” баспасындағы: “...Түркілердің ұлан-ғайыр жерлерге ие болуы олардың қисапсыз көп мал өсіруіне мүмкіндік туғызған. Малдың өнімінен түрлі тағамдар даярлап, терісі мен жүнінен киім-кешек жасаған. Көрші елдерге жылқы, қой малдарын, сүт, ет тағамдарын, аң терілерін сататын” деген пікір, бір жағанан, баяғы кездегі адамдардың өмірі мал атаулысымен тығыз байланысты болғаны, екіншіден, сауду-саттық кәсібімен айналысқан екендігі– осы ойымның айғағы.
Төрт-түлік мал өмір сүру үшін маңызды болып қана қоймай, сонымен бірге мейірімділік пен сүйіспеншілікте де алатын орыны ерекше. Кішіге әрқашан ізет көрсетіп жүретін, көпті көрген қарт жандар өмір өткелінен, жолынан өтетін ойы әлі алдында жүрген, үлкенге құрмет көрсететін жастарды немесе жүрегі аққудай пәк, риясыз, күнәсіз періштедей сәбилерді төрт-түліктің төлдеріне сыпайылық мағынасында теңеумен өзінің оған деген жақсы көру сезімін білдіруі – қазақ халқының бұрыннан келе жатқан баланы еркелетудің дәстүрлік жолы екенін ескерсек, “қоңыр қозым”, “лағым”, “ботақаным”, “құлыншағым” және сол тәріздес мал төлдерін атайтын сөздерде алып бір тылсым күш пен мағыналы сыр жатқаны айдан анық.
Дүниеде сан – алуан оқиғалар ғасырлар шеруінен өтіп, өзгерістерге ұшырағанымен, кейбір саусақпен санарлық нәрселер, соның ішінде, шаруашылықтың шығар көзінің қолданысы еш уақытта жойылмайтындықтан және “қой өсірсең өнімі көл-көсір” болатын, “тоқтышақтың терісі тоғыз қабат торқадан артық” болатын тәрізді әрқайсысының ерекшеліктеріне сипаттама бере алатынстөрт-түліктер бұрынғы ықылым заманда қанша керекті болса, бүгінгі таңда да сонша маңызы зор болғандықтан, оның негізінде пайда болған өлең-жырлар бір айдың емес, тіпті, бір жылдың емес, талай-талай ғасырлар жемісі екенін ескеру қиыншылық етпейді. Олай болса, “тоқсан ауыз сөздің тобықтай” түйінін Сұлтанғали Садырбаев сынды ауызымен айтылған әрбір сөзі балдай болған ақын-жазушыларымыздың: “Көптеген түркі тілдес халықтар сияқты ертеде қазақ халқының да негізгі кәсібі – мал шаруашылығы болған” деген ойынан аңғаруға болады.
Өнері өрге жүзген дарын иелерінен шыққан үлгілі де ғибратты сөздер мен жырларды басқа айтушылар іліп әкетіп, өңдеп, дамытып, нақышына келтіре орындайтын және еліміздің әрбір азаматының рухани жан-дүниесінің негізінде туындайтын, әрқашан жақсылығы мен жамандығы, ащысы мен тұщысы егіздес жүретін өміріне қажетті үгіт-насихат алатын, болашағының қандай жағдай болмасын қол жеткізуге ұмтылатын алға қойған арман-мақсатының тірегі болған салт-дәстүрі адамның патриотизмдік сезімін білдіріп, оны іспен дәлелдеуіне мүмкіндік етеді. Қазақ еліндегі “мен – қазақпын” деп айта алатын ұлтжанды жанның осы белгісінен оның ішкі дүниесінің қыр-сырын, тарихи бітім-болмысын бұлақтың мөлдірінен, сүттің ақтығанан, айдың жарықтығынан анық аңғара аламыз.
11 "Б" сынып оқушысы Тұрархан Қымбат