0 дауыс
523 көрілді
Құрбан Айт Ораза айттан 70 күн кейін келеді. Яғни, құрбан шалу мерзімінің белгіленген уақыты бар. Ол одан ерте не кеш союға болады ма? Құрбан малы тек Құрбан айт күндері ғана шала ма?

1 жауап

0 дауыс
ұр­бан ша­лу­дың уақы­ты

Құр­бан ша­лу­дың уақы­ты құр­бан айт­тың бі­рін­ші кү­ні айт на­ма­зы­нан кейін бас­та­лып, ай­тың үшін­ші кү­ні ақ­шам­ға аз уа­қыт қал­ған­ға дейін жал­ға­са­ды. Үзір се­беп­тер­ге байла­ныс­ты құр­бан айт на­ма­зы­на ба­ра ал­май қал­ған адам­ның, на­маз оқып бо­ла­тын­дай уа­қыт өт­кен­нен кейін құр­ба­нын ша­ла бе­руіне бо­ла­ды. Пай­ғам­ба­ры­мыз­дан (с.а.у.) құр­бан ша­лу­дың уақы­ты­на байла­ныс­ты бір­не­ше ха­дис риуаят етіл­ген. Бә­рә иб­ну А'зиб­тің риуаяты бойын­ша:

«Аллаһ­тың Ел­ші­сі (с.а.у.): «Біз­дің бұл күн­де ал­ғаш­қы жа­сай­тын – ісі­міз на­маз оқу, со­сын қай­тып ке­ліп, құр­ба­ны­мыз­ды ша­лу. Кім осы­лай іс­те­се біз­дің сүн­не­ті­міз­ге ер­ге­ні. Ал кім­де-кім бұ­дан бұ­рын құр­ба­нын ша­ла­тын бол­са, бұл құр­ба­ны­ның от­ба­сы­на бе­ріл­ген ет­тен айыр­ма­шы­лы­ғы жоқ. Бұ­ның құр­бан бо­луы мүм­кін емес». Бас­қа бір ха­дис­те: «Кім­де-кім на­маз­дан бұ­рын құр­ба­нын шал­са, қайта­дан шал­сын», – деп, на­маз­дан бұ­рын ша­лын­ған мал­дың құр­бан­дық­қа есеп­тел­мейті­нін ес­кер­те­ді.
...