Талай жоғары лауазымды қызметтер атқарған. Қазіргі қызметі – ҚР инвестиция және даму министрі.
Мамандығы бойынша – архитектор-дизайнер. Қазақ мемлекеттік архитектура-құрылыс академиясы мен Л.Гумилев атындағы Евразия мемлекеттік университетін тәмамдаған.
1997-1998 жж – Қазақ бас архитектура-құрылыс академиясының зерттеуші стажеры.
1998 жыл – Темірбанктің бас маманы.
1998-2000 жж – ҚР антимонополиялық саясатын комитетінің бөлімше бастығы.
2000-2004 жж – ҚР транспорт және коомуникация министрлігінің су транспорты департаменті директоры.
2004 – 2005 жж – Ақтау халықаралық теңіз сауда портының директоры.
2005 жылдың 4 қарашасы – ҚР транспорт және коммуникация министрлігінің вице-министрі.
2009 жыл 11 наурыз – жауапты хатшысы. 2014 жылдың 7 наурызынан бастап – министрі.
2014 жылдың 13 тамызы – ҚР инвестиция және даму министрлігінің бірінші вице-министрі.
2016 жылдың 21 маусымынан бастап қазіргі қызметінде.