0 дауыс
2.7k көрілді
Философияның пайда болуы туралы қандай аңыздар,әңгімелер бар?

1 жауап

0 дауыс
"Философия" сөзін алғаш қолданған Грекиядан шыққан ұлы математик, философ Пифагор болды. Аңыз бойынша, ежелгі грек қалаларының бірінің билеушісі базарға келіп, сырттай босқа қарап тұрған Пифагордан: "Сен кімсің?"— деп сұраған. Пифагор: "Мен философпын", — деп жауап беріпті. Бұл сөз билеушіге таныс болмағандықтан, Пифагор былай түсіндіріпті: "Өмір дегеніміз — Олимпиадалық ойындар сияқты: біреулер оған жарысқа түсуге, екіншілері сауда жасауға, ал ең бақыттылары көруге келеді. Кәдімгі өмірдегідей, біреулер—даңққұмар, енді біреулер — жемқор, ашкөз. Бұлардың арасында тек философтар ақиқат үшін өмір сүреді". "Философия" сөзі ежелгі грек тілінен алынған, яғни "даналықты сүю" (рһuео — сүю, sophia— даналық) деген ұғымды білдіреді. Ал "даналық" ұғымы білімге және ақиқатқа риясыз қызмет ете отырып, дүниені ерекше ақылмен тануға қол жеткізу. Бұл — дүниені тұтастай және бірлікте тануға тырысу. Философия дүниеге жалпылама көзқарастар ретінде көрініс береді. Өзі пайда болғанынан бастап, философия дүниені тұтастай және бірлікте ала отырып зерделеуде. Оның зерттеу объектісі — бүкіл әлем, тұтас универсуж Былайша айтқанда, "философия" дегеніміз — ойлау, жалпыламаға жету жолы. Сондықтан ол жалпылама нәрселер туралы ой кешу болып табылады. Ол қандай нәрселер? Мен деген не, болмыс деген не? Олар қандай формада өмір сүреді? Мен ретіндегі дүние түзілім, шынайылық, қайдан пайда болған? Мәңгі өмір сүре ме? Өмір деген не? Адам өмірінің ерекшелігі неде? Дүниедегі адам кім? Оның дүниеге қатынасы қандай? Жеке ғылымдар (физика, химия, психология, социология және басқалар) сияқты философия дүниедегі түрлі заттар мен құбылыстарға төн оның жеке жақтары мен қасиеттерін ғана емес, сонымен қатар олардың жалпылама қасиеттерін, қатынастарын және байланыстарын зерттейді. Философия — дүниенің мәні мен адам туралы ғылым. Философтар үшін оларды жекелеп қарау емес, тұрақты арақатынастарын зерттеу маңызды. "Дүние — адам" мәселесінде бөрі қамтылады және бәрі қарастырылады. Ол барлық өзге мәселелердің арқауы іспеттес. Философия үшін бірлікте алынған дүние — адаммен бірге дүние. Философиядағы "дүние" ұғымының кеңеюі адамның дүниедегі, табиғат әлеміндегі және қоғамдық өмірдегі орнын анықтаудан немесе адам мен дүние арасындағы қатынастардан көрініс табады.
...