Дұрыс білім алып, адал жұмыспен байыған иманды адамды бай деп айта аламын, өйткені ол адал бола білген адам рухани бай адам. Ал байлық қуып, ақшаға тоймайтын парақорлықпен байыған, қанағаты жоқтарды бай адам деп айта алмаймын (оларды бай адам деп айтуға қалай аузымыз барады?), тіпті ондайларды адам қатарына жатқызудың өзі күнә.