0 дауыс
23.9k көрілді
Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды. Сіз бұл мақалды қалай түсінесіз?

1 жауап

+1 дауыс
Бұл мақалды өте жақсы түсінеміз, өз заманында дұрыс айтылған.  Бірақ өкінішке орай бұл мақалымыз қазіргі таңда керісінше мағына беріп тұр.

Қазір достары көптердің бизнесі жүрмей банкротқа кетеді (достар саудаңды өлтіреді, кезек-кезек ақша сұрап,заттарыңды қарызға жазып қойып тағы да ақшасын бермей жүре береді( досың ғой оларды қинамауың керек, О ! )).  Ақылың көп болса  жұмысқа алмайды, Қазіргінің әкімдері айналасына өңшең топастарды жинап алған, оларды басқару оңай, олар бастарын шұлғып әкімдікі дұрыс болмаса да шапалақ ұрып ,қошеметтеп отыра береді, олардың арасында ақылды адамның отыра алмауы, жүйкесі шыдамайтыны баршамызға аян. Халыққа пайдалы ақылыңды ортаға салып айтсаң әкімге жақпай нағыз басың дауға қалады. Сөздің ашығы осы, несіне жасыруымыз керек оларды, өзің де біліп отырсың оны.
...