0 дауыс
710 көрілді

Неге қазіргі Қазақ Кино "мамандары" тарихи кинолар түсіре алмайды? "Қазақ хандығы" туралы сериалдан не күтуіміз керек?

Негізінде Қазақ Қағандығы деп аталуға тиісті бірақ та жаңсақ пікірдің басым болуының кесірінен Қазақ Хандығы деп аталып жүрген мемлекетіміздің тарихы туралы сериалдың түсіріліп жатқаны баршамызға мәлім. Анда санда сол түсірілімдерінен фотосуреттерімен және қысқаша үзінділерімен жарнама жасап Елдің қызығушылығын оятуға тырысып әлек болып жатқандары да жоқ емес. Қысқаша айтқанда "тойдың болғанынан боладысы қызық". Ал шын мәнінде әлгі сериалдың тарихи шындыққа сай, жоғары сапалы болатынына үлкен күмәнім бар. Сериал туралы қолда нақты ақпарат болмаса да жеке болжамымды ұсынғым келіп отыр. Сериалдағы идеология меніңше мынадай үш белгісімен көзге түседі.

1. Қазақтар баяғыша "бейбіт болған ешкімге тиіспеген мейірімді ел"

2. Осы сериалдағы басты жау сол баяғы "қаніпезер жоңғарлар".

3. Қазақтар бастары бірікпес, әрқашан ғасырлар бойы "еркіндік" аңсап жүрген халық

Ал енді осы үш белгіні бөлек тармақтар ретінде талдап көрейік.

Бірінші тармақ бойынша: Қазақтар өз өзімен домбырасын дыңғырлатып, ет жеп, қымыз ішіп, Алтай мен Тәңіртаудың ортасында намазы мен дұғасын қаза қылмай жүрген ең момын халық.

Екінші тармақ бойынша: Қазақтың сорына жазылған "қаніпезер жоңғарлар" бейбіт жатқан Елімізді шауып, мал-мүлкімізді талан-таражға салудан жалықпайтын мұздай қаруланған нағыз ежелгі "терминаторлар".

Үшінші тармақ бойынша: Жау белгілі болды, есеміз кетті.. Енді жауап қайтару керек. Өйткені "қаніпезер дінсіз жоңғар ойраттар" Елімізді жойып халқымызды қырып тастауды көздеп отыр

Йағни фильм идеясы бойынша Қазақтар "Әділетсіздік құрбандары" бола жаздаудың сәл алдында тұрған халық. Ал Жоңғарлар сол баяғы "Зорлықшыл тажалдар". Бұл екі халықтың ұқсастығы атқа мінгендіктері ғана. Екеуі екі тілде сөйлейді. Фильмде Қазақтардың аузынан: "Қойдай қырылар болдық қой", "Зар заманай", "Ит қалмақ ай" деген сөздерді естіп қалуымыз мүмкін. "Абылай", "Қабанбай" деп ұрандатып жүрген Қазақ батырларын емес "Алла" деп ұрандатып жүрген қаруы кем Қазақ "балаларын" көріп қалуымыз да ғажап емес. Көмей мен шаңқобыздың үні естілгенде кадрда міндетті түрде "қаніпезер жоңғарлар" пайда бола қалатындықтарына көзіміз үйреніп те кетуі әбден мүмкін. Батырларымыз бен Билеріміздің, Қағандарымыз бен Бектеріміздің көбінде сапсиған "арап style" сақалды көре қалсақ та шошымауымыз керек. Байрақтарымыз Бөрүлү Көк болмай , "арап style" қара әрі арапша шимайлармен бола қалса Қазақша астапыралла демей арапша "машаллаһ" деп сүйініуміз де керек болады. Өйткені Алтайданн Аштарханға, Самарқаннан Түменге дейінгі аумақты бейбіт жолмен иемденген "қой мінезді" биязы жуас халқымыздың батыр ұлдарының баршасы дерлік Түркістан мен Ташкентте діни білім алған намазхандар да болуы ғажап емес. Фильм соңында момын халқымызға "Ұлы көршіміз" көмектесіп "қаніпезер жоңғарлар"-ды жеңіп "happy end"-ке жеткенімізді көрсетсе де таңғалып ашуланып бұлқан-талқан болмауымыз керек. Өйткені жаңаша жазылған "Қазақстан тарихы" оқулықтарына сенер болсақ: Біздің Елімізді кейін бейбіт жолмен өзіне қосып алып, Елімізде қаптаған "библиотекалар мен школалар" салдырған "Ұлы көршіміз"-дің Бухгольц, Сотников сынды сол заманның сайыпқырандары "қаніпезер" әрі "сұм тажал" Жоңғарлардан Елімізді қорғап қалуға өздерінің "зор үлесін" қосқан екен-міс.

Әрине бұл менің мысқыл аралас жеке болжамым ғана. Алайда "жел тұрмаса шөптің басы қимылдамас дегендей бұлай ойлауыма түрткі болған заттар да бар... Соның бірі де соңғы күндері "Kazakhstan makes own version of Game of Thrones (Қазақстан "Тақтар ойынының"өз нұсқасын түсіруде") деген тым даңғойлау атау... Менің бұл болжамым еш дұрыс болмай қалса бір Қазақ ретінде шын көңілден қуанамын. Алайда әзірше осылай ойлауға мәжбүрмін. Қалай болғанда да Қазақ киносының мамандары өз тарихын жетік білуге тиіс. Ал Қазақ Тарихында "Тақтар ойындары" деп аталуға лайықты мықты сәттердің талайының болғаны рас. Бірақ оған келесі бір жазбада тоқталып кетуді жөн көрдім.

1 жауап

0 дауыс
бул кинодан тек шайқасты коремиз атпен былайда шабад и былайда шауып шайкасад
...