0 дауыс
6.5k көрілді
Отбасы туралы ақын жазушылардын айтқан сөздерін жазып келу (Ойы)

1 жауап

0 дауыс
Отбасының әлеуметтік мәні мен пайда болуы және даму кезеңдері туралы ғылым тарихында әр түрлі қағидалар мен пікірлер, белгілі ағымдар болды. ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі Ж.Руссо, Х.Гердер, Г.Гегель, т.б. ойшылдар отбасын табиғаты жағынан қоғамның алғашқы некелік негізі деп түсіндіріп, әлеуметтік қатынастардан жоғары қойғаны тарихтан белгілі. Мысалы Ж.Руссо: «Барлық қоғамдардың ең көнесі және жалғызы – ол отбасы. Сонымен қатар, отбасы керек болса, саяси қоғамдардың болашақ үлгісі: әкім - әкеге ұқсайды, ал халық – балаларға ұқсайды», – деп айтқан сөзі отбасы мен қоғамның әлеуметтік қызметінің егіз екендігін дәлелдейді. Ойшыл данышпан, ғалым әл-Фараби «Отбасы» ұғымына мынадай анықтама береді: «Үй белгілі бір бөлшектерден құралады, солардың арқасында гүлденеді. Бұлар саны жағынан төртеу: ері мен әйелі; қожайыны мен қызметшісі; әке-шешесі мен баласы; мүлкі мен мүлік иесі. Кімде-кім бұл бөлшектер мен бірлестіктерді басқарса, ол адам үйдің билеушісі және әкімі болады. Оны «қожайын» деп атайды», [1] – деп, отбасын оның құрылымдық бөліктері тұрғысынан сипаттайды. Осы пайымдаулары арқылы ғалым заманның ағымына қарай отбасының өзі де, оның құрылымы мен тәрбие мазмұны да сан қилы өзгеріске ұшырайтынын болжағандай.

Отбасы мәселесі әр дәуірде жан-жақты қарастырылып, шешу кезінде көптеген ойшылдар, ғалымдар әртүрлі пікірлер ұсынған. Ежелгі грек ойшылы Платон: «Адамдар отбасын құру үшін болашақ өмірдегі серігінің қандай отбасынан шыққанын, оның әке-шешесі мен ата-бабаларын жақсы білуі қажет» [2,52] десе, Аристотель: «Отбасы – адамдардың қарым-қатынастарының ең бірінші түрі және ол мемлекеттің бірінші кішігірім бөлігі» [3,54] – деген ой айтады. Классикалық неміс философиясының өкілі Кант отбасы мәселесін қарастыра отырып, ондағы адамдардың құқықтық мәселелеріне көп көңіл бөлген.
...