0 дауыс
14.5k көрілді
Қалалық мұғалімдер күнін өткізуге бір кішігірім сахналық көрініс керек. Көмектеріңіз, керек болып тұр!

2 жауап

0 дауыс

1.Сахна сыртынан Ұстаз туралы өлең оқылады

Талғат:Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

Жүргізушілер шығады.Талғат, Тұрсынай.

Талғат: Армысыздар, бармысыздар, Қош келдіңіздер, Құрметті де аяулы ұстаздар! Бүгінгі «Ұстаз- мәңгі нұрдың қызметшісі» атты мереклік шарамызға қош келдіңіздер!

Тұрсынай:

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!


Талғат: Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

Ақырын жүріп анық бас.

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!

Тұрсынай:Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын!

БІРГЕ:Мерекелеріңіз құтты болсын!

Талғат:Монолог. Әлдіғұл Әйгерім. «Ұстазға құрметпен».

Тұрсынай: 11ә сынып оқушыларының атынан “Ұстазым” әні қабыл алыңыздар.

Талғат:Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ак лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортамызға мектебіміздің басшысы Утешова Жібек Сәтбаевнаны шақырамыз.

Талғат: Сен қалай ойлайсың, Тұрсынай? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз- тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

Тұрсынай: Талғат, мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы –

деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

Талғат: Ендеше,

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

Аяулы ұстаздар, оқушыларыңыздың ақ тілегін қабыл алыңыздар!

Ақжол: Күллі өмірін жеткіншекке арнаған

Мұғалімді ардақтайды барша жан

Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,

Жемісі оның жердің жүзін шарлаған

Бала десе ойламайды өз қамын

Керсем дейді күнге де кол созғанын

Шәкірттерін өзінен де озғанын.

Асия: Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

Ұлболсын:

Қанат:

Динара:

Мейрамбек:

Ұлдай:

Айжан:

Талғат:

Тұрсынай: Талғат, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?

Талғат:Ал ендеше баста

Тұрсынай: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,

Талғат: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»

Тұрсынай: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»

Талғат:«Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»

Тұрсынай: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»

Талғат: Тұрсынай, екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.

Заманбек:Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,

Перне басқан оркестрдің үніндей

Әр баланың жүрегіне жол тауып,

Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.

Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,

Жыр оқисың нөсер болып құйылып

Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,

Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп

Жалын атып, от боп, бірге жанасың,

Білім беріп, содан бақыт табасың

Бар өмірің өрнектеліп баламен,

Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.

Нұржамал: Мұғалімді анамдай жақсы көрем,

Қиналамын қымбат теңеу таба алмай

Өз баласын тастап кетіп үйіне,

Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.

Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,

Үлгі етемін өнегелі сөзін бал

Мұғалімнің мұғалімін танимын,

Көкіректе көретұғын көзім бар.

Ұстаздарға мың алғыс

Алғыстарым көп менің,

Асыл анам, мектебім!

Үйреткені адалдық,

Ұсынғаны адамдық,

Текті мінез, даналық

Бар ұстазға тілейміз:

Бақыт, табыс, амандық!

Арзайым:Мұғалім-ұстазысың балалардың,

Болашақ ғалымдардың, даналардың

Өмірде сенің алар орыныңды

Бәрі де жеткізе алмас бағалардың

Өткізіп өз алдыңнан талай бала,

Бойына құйдың ақыл, ой мен сана

Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,

Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға

Атағым Алатаудай болып биік,

Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп

Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,

Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.

Талғат: Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға

Тарап демде кетеді шаршауың да

Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер

Тұрғанында солардың қоршауында

Тұрсынай: Қиындықта кезіксең көп асу да

Қанша терің төгіліп жол ашуға

Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,

Сен өмірдің ұстазы боласың да!

Талғат:«Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

Тұрсынай:Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымыз ортамызда отыр. (қонақтарды таныстырады)

Талғат:Құрметті қонақтар, сіздер салып кеткен сара жол-ұстаз жолы – ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер.

Талғат: 1 қонаққа сұрақ: Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немес бір жағдай болды ма?

Тұрсынай:2 қонаққа сұрақ: «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?

Талғат:3 қонаққа сұрақ: Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз? Мектебіңізге айтар тілегіңіз?

Сіздерге көп рахмет, аяулы да мейірбан ұстаздар. Өздеріңізге арналған шағын сыйымызды қабыл алыңыздар.

Тұрсынай: Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық,, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.

Талғат:

Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше

сахна төрінен ұстаздар өмірінен аздап әзілге орын берсек.

Тұрсынай: Әзіл – қалжың отауы.

Талғат:ҰСТАЗДАР ӨМІРІНЕН. Орындайтын Тойлыбаев Ақжол,

Әлдіғұл Әйгерім.

Мұғалімдер кім болуды армандайды?

Мұғалімдер әсте әртіс, жазушы, сот, бастық, сылақшы, майлаушы, немесе еден сыпырушы болуды армандамайды. Өйткені:

-Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қармағында 30-40 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе? Ашса алақанында, жұмса жұдырығында, — дегендей ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады.

-Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.

-Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Демек, майлаушы да өзі, сылаушы да өзі. Безендіруші де өзі.

-Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас.

-Соңғы кезде бухгалтер мен кассир де өздері.

Ұстаздарымыз сан алуан қосымша мамандықтар меңгеруде. Ендеше қай мекемеге қандай мамандық иесі өте зәру болса, 2-3 айлық жазғы демалыс кезінде біздің ұстаздарды шақыруларыңызға болады.

Талғат:Неге бармайсың? Орындайтын Аманжолова Ботакөз,

Айжарықова Ұлболсын.

Баласы шешесіне айтады:

— Мен енді мектепке бармаймын!

— Неге бармайсың?

— Сол … Асанов таспамен оқ атады, Сотқаров оқулықпен басымнан ұрады, тағы біреуі аяғымен шалады… Бармаймын!

— Жоқ, балам, сен қайткенде де баруың керек. Біріншіден, жасың қырықтағы адамсың, екіншіден, мектеп директорысың.

Тұрсынай: Көрініс «Ана мен бала». Орындайтын:

Автор — Әлдіғұл Әйгерім, ана- Оразова Асия, бала- Тұлғабаев Талғат.

Тұрсынай: Базарбаев Жамбылдың орындауында « ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК».

Каникул – жылдың ең қысқа күндері.

Күнделік — үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиям.

Математика – мен түгіл әкемнің де тісі бата бермейтін “жаңғақ”.

Дос – бақылау жұмысында дәптеріне жазғандарын бақылатып отыратын я қыз, я ұл.

Сабақ – үзілісті зарықтыра күттіретін 45 минут.

Спорт секциясы — әжеме айтатын басты сылтауым.

“Апайға айтам” – қыздардың негізгі қаруы.

Тұрсынай:Жақсы жандар жанымызда әрқашан

Ұлағатты сөзін биік ұстаған

Ардақты ұстаз асыл анаң секілді

Тәрбиелейді балапандай жасыңнан

Талғат:Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар,

Тұла бойға қуат болып таралар

Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,

Айналайын білім берген ұстаздар.

Тұрсынай: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да,тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Талғат: Құрметті ұстаздар! Біздің мектептің жас өнерпаздары Сіздерді Ұстаздар күнімен құттықтай отырып, шағын концертін назарларыңа ұсынады.

0 дауыс
Шағын көрініс. Сахнаға 6 оқушы шығып «Ұстаз – ұлы тұлға» тәрбие сағатының тақырыбын хабарлап, өтілу барысынан көрініс көрсетіп, мұғалім сөзінің мағынасын ашады.
М – мейірімді
Ұ – ұлағатты
Ғ – ғазиз
А - ақылды
Л – лайықты
І – іскер
М – маман
Осы жерде фанфари ойнайды

1 - бастаушы Қайырлы күн! Армысыздар, есен – сау бармысыздар, аса құрметті да, аяулы біздің ұстаздарымыз!
2 - бастаушы Міне жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін мұғалімдер күні де, күздің үлесіне тиіпті. Төл мерекелеріңіз құтты болсын, ізгіліктің пайғамбары ұстаздар қауымы.

1 - бастаушы Мектеп қабырғасынан алыстап, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әліп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя мектебін әрдайым үлкен сағынышпен құрметпен еске алып отырады.
2 - бастаушы Аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері, Қазақстан Ғылым Академиясының ұйымдастырушы және тұңғыш президенті, академигі Қ. Сәтбаевтың айтуынша, 1 - қыркүйекте салтанатты шеру не салюттер де болмайды. Бірақ бүл күн ешқандай мерекемен тең келмейтін білімнің асқар шыңына жетелейтін, қайталанбайтын күн. Бұдан асқан ұлы мереке жоқ - деп толғанған екен. Солай ма Думан!

1 - бастаушы Ия, Айгерім! Олай болса, мұғалім бақыты - шәкірт құрметі. Ұрпақ тәрбиесі - ұстазға байланысты. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің, дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Ұстаз - ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындап, тәлім - тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта, бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Сіздердің алдарыңызда әрқашанда бас иеміз. Бүгінгі мерекенің той шашуы, қабыл алыңыздар «Үнді» биі.

1 - бастаушы Ұстаз болу - жүректің батырлығы,
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.
деп ақын Ғ. Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз. Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Б. Момышұлы «Ұстаздық ұлы құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаздар тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген болатын.
2 - бастаушы Игі айтар ақылы, көрсетер үлгісі бар, жаңашыл, бойында дана ойдың ыстық лебі бар, шәкірт санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымының іскер де білікті, басшысы, мектебіміздің директоры Сара Әлмұратқызына мереке күнімен құттықтауға сөз беріледі.
(Салтанат пен Манастың орындауында « Ұстазым» әні )

2 - бастаушы Аяулы ұстаздарым! Сіздердің бала көңілдеріңіз әр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге - білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған, кез келген шәкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны», «Бала жанашыры». Иә, бұл мектеп мұғалімі - ұстазға арналған теңеулер, бұл тізбектің шегі барма екен десеңізші. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, өздеріңізге арналған даналық сөздері тұтас бір кітапқа айналары сөзсіз. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, кәсіптеріңізге сәттілік тілейміз.

1 - бастаушы. Айгерім екеуміз ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ да тауыса алмаспыз. Еңдеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің бірі Гүлназға сөз берейік. (Ф. Оңғарсынова «Ұстаз» өлеңі оқылады)
Зауытта болсаң күнбе-күн,
Көрінер еді табысың.
Дәрігер болсаң түрлі емің,
Шипалы жанның бағы шын
Ал сенің еңбек жемісің,
Өзгеше тіпті басқадан.
Ол өзің арнап ел үшін,
Осынау жүрген жақсы адам.
Жақсы адам елдің тірегі.
Байлығы туған халықтың,
Шапағын шашар үнемі,
Көгіңде тұрған жарық күн.
Сен жастық қамын шертерсің,
Тағдырын толғап ойланып,
Әр үйдің бір еркесін
Үйреттің өзің қолға алып,
Ұстазсыз жолда сөнбек күн,
Шәкіртсіз өмір сусыз жер,
Көрінбес ғажап еңбектің,
Бейнетін кешіп жүрсіздер
Жүректе тұрар жанымнан табыл, жігер күт,
Ұстазым сенің, әр күнің әр сәтің, тұрған бір ерлік

2 - бастаушы
Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестрдің үніндей
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен, дирижер боп, күлімдей.
Жыр оқисың нөсер болып жайылып,
Қас қабағын қалт жібермей шәкірттің
Қарайсың - ау нұр жүзіне сүйсініп,
Жалын атып, от боп, бірге жанасың

1 - бастаушы
Мұғалімді анамдай жақсы көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба талмай,
Өз баласын тастап кетіп үйіне
Ел баласын оқытады, ой Алла - ай!
Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,
Үлгі етемін өнегелі сөзін бал,
Мұғалімнің мұғалімін танимын,
Көкірекке көретұғын көзім бар.

2 - бастаушы
Ұстаздарға мың алғыс,.
Алғыстарым көп менің
Асыл анам, мектебім,
Үйреткенің адалдық.
Ұсынғаның адамдық,
Текті мінез даналық,
Біз ұстаздарға тілейміз,
Бақыт, табыс амандық.
1 - бастаушы
Ұстаз ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор, ол тек оқу, жазу үйретіп беретін мұғалім ғана емес, қиналған сәтте қол үшін беретін қамқоршы, көмекші. Іздеген сұраққа, бастаған іске ақыл – кеңес беретін ақылшы, бірге еңбек ететін дос.

2 - бастаушы
Ұстаз шәкірт алдында сыйлы адам. Ол жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау - адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін, жауаптылық, қажырлылық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған дихан да, мал бағып терін төккен шопан да, ғарышкер де бәрі - бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Ендеше сіздерге арналған « Жастар биін» тамашалаңыздар
1 - бастаушы
Ақырын жүріп оның бас,
Еңбегін кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, - деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!

2 - бастаушы
Ұстаз, ұстаз
Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын жылылық,
Әл - Фараби мен Ыбырай мен Ахаңды,
Осы сөз ғой қойған бізді ұлы ғып,
Ұстаз небір қисықтарды жөндейтін,
Тентектерді ақылменен емдейтін.
Болса дағы малға кедей өмірде,
Бар байлығым шәкірттерім сен дейтін.

1 - бастаушы Ардақты ұстаздар! Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, сіздерді пайғамбардай сыйлайтын, жүрегі жылы, бойы ізгілікке толы шәкірттеріңіз көп болсын!
Бірге Мерекелеріңіз құтты болсын!
1 - бастаушы Сен қалай ойлайсың, Айгерім, менің ойымша кез - келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздың өнер тағылымы - терең өнер. Ал өнерлі болу кез - келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен терең еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз - тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
2 - бастаушы Мен осы сөз дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайыншы.
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады
Көңілді күндер тусын алдын әлі.
Ән - шашу әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.
(Әсел мен Даурен шығады)
Сахнаға төрт ұстаз шақырылады да, оқушылармен бірігіп сөздікпен жұмыс жасайды, шыққан мұғалімдерге шағын сыйлықтар ұсынылады. Сөздіктердегі сөздер мазмұнын мұғалімдер өздерінің ойы бойынша түсініктеме береді. Оқушылар сөздігі бойынша каникул - жылдың ең қысқа күндері, күнделік – үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиям, математика – мен түгіл әкемнің де тісі бата бермейтін «жағалау», дос – бақылау жұмысында дәптеріне жазғандарын бақылатып отыратын ұл не қыз, сабақ - үзілісті зарықтыра күттіретін қырық бес минут, спорт секциясы – әжеме айтатын басты сылтауым, қайталап алайыншы өте сирек айтылатын, дарынды оқушының ашқан жаңалығы, қыздардың негізгі қаруы – апайға айтамын.
1 - бастаушы Мына ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар!

Сахнаға адасып жүрген Дымбілмес Жалқаубеков келеді.
О - о - ой шаршадым, қазақ тілі сабағынан әзер құтылдым ғой, атам қазақ дұрыс айтады, оқу күрекпен құдық қазғандай деп, рас екен ғой, сабақта қиналғаным аздай, Қилыбай ағай үйге мақал - мәтелдер жазып келуді тапсырып еді, бәле болды ғой. Ал шынымды айтайын менің жазған сөйлемдердің әріптері ауысып, тарыдай шашылады, Роза апай берген есептердің сандары бір орында тұра алмай үнемі секіреді, мен байғұс күнде күнде жинай алмай әуреге түсемін, бәрібір мұғалімдер екі қоя береді, қоя береді қоя береді.
Мәссаған, бүгін мына залға апайлар мен ағайлар көп келген екен, көмектесіңіздерші маған өтінемін, әйтпесе тағыда екі аламын ғой, жарай ма. Ал бастайын, мен мақалдарды оқимын, сіздер түзеп бересіздер, тек ағай біліп қалмасын, ура!
Қына басқа бітеді(тасқа). Білім шашқа бітеді(басқа). Біліп тұрсаң да сұрама(сұрап ал ). Аз біл, көп сөйле.(көп біл, аз сөйле). Көрмес сиырды да көрмес(түйені). Өнер алды ұзын тіл(қызыл тіл). Жығылып жатып жығылғанға күлме (сүрінгенге). Өнерлі сайға қарай сырғиды(өрге жүзеді).

2 - бастаушы Күллі өмірің жеткіншекке арналған,
Мұғалімді ардақтайды барша жан.
Ол мектептен шықпаса да қыс – жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған,
Бала десе ойламайды өз қамын.
Көрсем дейді күнге де қол созғаның,
Шәкірттерін өзінен де озғанын.

1 – бастаушы
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
Дарынды да, талапты оқушыларыңыз Гаухар мен Нұрталаптың орындауында Құрманғазының күйі « Балбырауын»
2 – бастаушы Думан, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?
1 – бастаушы Ал, ендеше баста!
2 – бастаушы Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытың аялау.
1 – бастаушы Ұстазға қарап, шәкірт өседі.
2 – бастаушы Аспаз көрген ас таныр, ұстаз көрген хат таныр.
1 – бастаушы Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.
2 – бастаушы Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы. Тамаша емес пе, мына сөздерден кейін жаның жадырайды!
1 - бастаушы
Мектебіміздегі мектеп әкімшілігінің құрамындағы Бибатпа апай, Гулнар апай, Жансәуле апай, Ғалия апай, Гулзат апай, Мағрипа апай төл мерекелеріңіз құтты болсын, жетістіктер көп болсын! ҰБТ - да әр оқушы 125 балдан алайық!

2 - бастаушы
Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім,
Мұқтар, Абай сөйлеген дана тілім,
Таза сөйле, терең ұқ көп ізден,
(Орыс, неміс, ағылшын, француз тілінде құттықтаулар оқылады)
1 - бастаушы Бастауышта тұңғыш қолға алғаш қалам алғызған, әріптерді салғызған Жанар апай бірлестігіндегі апайларға шексіз рахмет жолдаймыз.
2 - бастаушы Математика – ғылымдардың патшасы, осы патшалық әлеміндегі Роза апай және бірлестіктегі ұстаздар қауымына мың алғыс.
1 - бастаушы Тарих бірлестігіндегі Гулбадам апай көш бастаған ғасырлар сырын шерткен, аса құрметті ұстаздардың ұстаздары бар бірлестік, мереке құтты болсын!

2 - бастаушы Табиғат тылсымына бойлай енген, жаратылыс тану бірлестігінің жетекшісі Гулфайрус апай, бір топ мұғалімдерге шәкірттік жүректен сәлем!
1 - бастаушы Әсемдік өздеріне жарасқан, он саусағы майысқан эстетика бірлестігінің жетекшісі Жанар апай және бірлестік мүшелері, мерекелеріңіз құтты болсын.
2 - бастаушы Дені сау ұрпақ - мемлекет байлығы деген қағида ұстанып жүрген Даурен ағай бастаған денешынықтыру бірлестігіне бас иеміз, шын жүректен шағын сыйлығымызды қабыл алыңыздар.
1 - бастаушы Мектебімізде тазалық сақтап, бізді ұстаздармен бірлесе тәрбиелейтін Света апай қарамағындағы апайлар мен ағайларға сәбилік жүрекпен алғыс айтамыз.

2 – бастаушы
Қара сөздің дауылы,
Құрмет еткен ауылы.
Сыйымызға риза бол,
Мұғалімдер қауымы!
1 – бастаушы
Мұғалім, ғазиз, мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланның бүгін тойында
Арнайды саған бұл әнін
дей келе сахнаға Ризаны шақырамыз.

2 – бастаушы
Білімнің кәусар бұлағын,
Жүресің құйып санама,
Біз үшін сенсің – мұғалім,
Ұстаз да, ғылым дана да
1 – бастаушы
Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерін оқытқан,
Келіп тұр жолдап сәлемін
2 – бастаушы Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндері ардақтаймыз, сөздеріңді, сөздеріңді ықыласпен тыңдап, пән атауларына зер салып оқып үйреніп жүреміз. Жан – жақты білім бергені үшін ұстаздарымызға айтар алғысымыздың шегі жоқ.
1 – бастаушы
Бірге өсіп, ен жайлаған ұл менен қыз,
Асыға сәлем жолдап жүректен біз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Бүгінгі мерекеге тарту еттік.
1 – бастаушы
Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңіз саулығы мықты болсын
Біліммен сусындаған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!
2 – бастаушы
Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алады
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.

1 – бастаушы Ұлағатты ұстаздар, бүкіл адам баласы сіздерге бас иеді. Мереке құрметіне отшашу беріледі.
Мереке күні баршаңызға шаттық, қуаныш әкелсін!
«Ұстазым» әні хор
...