Военный оқу туралы мәлімет бере аласыздар ма?

0 дауыс
3.4k қаралым
Военный оқу туралы мәлімет бере аласыздар ма? Қолын сынып қисық биткен болса. Оқуға қабылдайды ма?
• Санаты: Университет, колледж

1 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
Әскери оқуға қабылдау ережелері

1) Әскери мамандықты таңдаған түлек 25 шілдеге дейін тегін, атын және әкесінің атын, туған күнін, білім деңгейін, әскери оқу орнының және ол бойынша оқуға ниет білдірген мамандықтың атауын көрсете отырып, жергілікті әскери басқару органдарына өтініш жолдайды;

2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті жыл сайын 20 маусымға дейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен қабылдау және апелляциялық комиссиялардың құрамдарын, олардың міндеттерін, қабылдау комиссиясының жұмыс жоспарын, сондай-ақ ҰБТ-дан өту балын бекітеді.

3) Жоғары әскери оқу орындарына қабылдау 1-25 тамыз аралығында өтеді. Әскери білім мекемесін таңдаған түлек ең әуелі ҰБТ қорытындысын апарады. Әскери институттардың талабы – тестілеудің балы жоғары болуы тиіс.   

4) Келесі кезекте ҰБТ балы жеткілікті деп шешілген соң, түлектер дене даярлығы бойынша нормативтер тапсырады;

5) Медициналық тексерістен өтеді;

6) Психологиялық тест тапсырады.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
127,754 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы