Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы салааралық үйлестіру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою мемлекеттік жүйесін құруды және одан әрі дамытуды қамтамасыз ету, өрттің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
2016 жылы ҚР Қорғаныс министрлігінің бастамасы бойынша барлық азаматтық жоғары оқу орындарындағы әскери кафедраларда студент қыздарға арналған мамандықтар ашылды. Әскери кафедраға оқуға түсу үшін қыз балаларға медициналық куәландырудан өтіп, дене даярлығы бойынша нормативтер мен психологиялық тестілеу тапсыру қажет. Барлық осы көрсеткіштер комиссия отырысында қаралады. Оқу аяқталғаннан кейін барлық үйренушілерге «запастағы лейтенант» әскери атағы беріледі және олар автоматты түрде ҚР Қарулы Күштерінің жұмылдыру резервісіне енгізіледі», - деді ҚР ҚМ Білім және ғылым департаментінің бастығы Айгүл Төлембаева.