0 дауыс
1.4k көрілді
10-11 сыныптарға арналған қазақстан және дүние жүзі тарихтарына арналған қысқа мерзімді жоспар қажет еді. соған көмек берсеңіздер. Алдын ала рахмет!

2 жауап

0 дауыс

Сабақтың тақырыбы: §1. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі

Сабақтың мақсаты:

Жоңғар мемлекетінің құрылуынан бастап олардың жүргізген басқыншылық саясаты, қазақ жеріне басып кірудегі мақсаты,  «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама», «Ақырақай шайқасының» тарихын толығымен баяндау.
Алған білімдерін тереңдетіп, белсенділігін арттыру.
Отансүйгіш, елін, жерін сүйетін білімді азамат тәрбиелеу.»

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар»
Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

«Жоңғар», «Қалмақ» сөздері айтылғанда ойымызға не оралады?
Олар туралы не білеміз?
«Елім-ай» әнінің тарихын білеміз бе?

Жаңа сабақтың жоспары:

Жоңғарлардың шапқыншылыққа дайындығы
Жоңғар хандығының құрылуы және оның басқыншылық саясаты
Жоңғарлардың қазақ жеріне басып кіруі. Орбұлақ шайқасы.
Қарақұмдағы құрылтай
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама».
Жоңғар шапқыншылығына қарсы Отан соғысы, оған бүкіл халықтың бірігуі
1727 жылғы Бұланты бойындағы шайқас
Аңырақай шайқасы

Сабақты бекіту:

7-8 және 10 сыныптарда жоңғар шапқыншылығы туралы оқығандарыңды естеріңе түсіріңдер.
Қазақ және Жоңғар хандықтары қарым-қатынасының шиеленісуіне не себеп болды?
Орбұлақ шайқасындағы қазақтар жеңісінің маңызы туралы әңгімеле
Қарақұмда өткен құрылтайда қандай мәселе шешілді?
Ордабасындағы жиынның тарихи маңызы  неде?
Жоңғар шапқыншылығын жеңіспен аяқтаудағы Абылайдың рөлі қандай?

Бағалау: Өзін-өзі

Үйге тапсырма: §1

11-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §2. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрестің көшбастаушылары

Сабақтың мақсаты: Жоңғар шапқыншылыққа қарсы күрестің көшбастаушылары: хандар, билер, батырлар, олардың өмірі мен  ерлігі туралы айта отырып, патриотизмге, шыдамдылыққа аралас тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта, суреттер

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар»
Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

Қазақ және Жоңғар хандықтары қарым-қатынасының шиеленісуіне не себеп болды?
Орбұлақ шайқасындағы қазақтар жеңісінің маңызы туралы әңгімеле
Ордабасындағы жиынның тарихи маңызы  неде?
Жоңғар шапқыншылығын жеңіспен аяқтаудағы Абылайдың рөлі қандай?

Жаңа сабақтың жоспары:

Хандар
Тәуке хан (1680-1715/18 жж.).
Әбілқайыр  хан (1693-1748 жж.)
Абылай хан (1711-1781 жж.)

Батырлар

Қанжығалы Бөгембай Ақшаұлы (1680-1778 жж.)
Қаракерей Қабанбай Қожағұлұлы (1691-1769 жж.)
Наурызбай Құтпанбетұлы (1706-1781 жж.)

      3.    Билер

Төле би Әлібекұлы (1663-1756 жж.)
Қазыбек би Келдібекұлы (1665-1765 жж.)
Әйтеке би Бәйбекұлы (1682-1766 жж.)

Сабақты бекіту:

Тәукенің хан ретінде қандай ерекше қызметін, ал адам ретінде қандай жақсы қасиеттерін танып білдіңдер?
Әбілхайыр хан қазақ тарихында қандай қызметімен белгілі? Оның Кіші жүзді Ресей империясына өз еркімен қос жөніндегі әрекетін ексе түсіріп, баға беріңдер.
Абылай ханның жастық шағындағы және азамат болғаннан кейінгі жеке басының қандай қасиеттері ұнады?
Абылай батыр, қолбасшы, мемлекет, қоғам қайраткері, мәмілегер екенін нақты мысалдармен дәлелдеңдер.
Тарихта Қабанбай мен  Бөгенбайдың батырлығы ерекше аталады, осыны дәлелдейтін нақты мысалдар келтіріңдер.
Билер қазақ қоғамында қандай қызмет атқарған? Олардың шешендігіне, мәмілегерлігіне мысалдар келтіріңдер.

Бағалау:

Үйге тапсырма: §2. 

ТОЛЫҚ ЖҮКТЕП АЛУ ҮШІН

0 дауыс

10 сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §1.  Ежелгі тас дәуірі

Сабақтың мақсаты:

Жер бетіндегі алғашқы адамдардың пайда болуы мен дамуына тоқтала отырып, Қазақстан жеріндегі ежелгі тас дәуірі кезеңдерінің ерекшеліктерін көрсету.

Оқушылардың өздігінен жұмыс істеуі арқылы олардың ой-өрісін дамытып, өзіне деген сенімін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Отанын сүюге, тарихи-мәдени ескерткіштерді қадірлеп, мақтанышпен қарау сезімін ояту.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:

«Дүние жүзінің саяси картасы».
«Қазақстан б.з.б. VII-б.з. VI ғасырларында »картасы
«Қазақстан Республикасының саяси картасы».
«Адам баласының қалыпты даму кезеңдері»,
«Ежелгі тас дәуірі», т.б. тірек-сызбалар.
Техникалық құралдар.

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқу құралын тексеріп түгелдеу
 
Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

Өткен жылға материалдарды қайталау.

Сабақтың жоспары:

Адам баласының пайда болуы және оның дамуы.
Ежелгі тас дәуірі
Орта палеолит
Соңғы палеолит
Ежелгі тас дәуіріндегі адамдардың қоғамдық құрылымы.

Әр топқа берілетін сұрақтар.

Орта палеолот кезеңі адамзат дамуының қай кезеңіне сәйкес келеді?
Бұл кезеңнің тұрақтары Қазақстанның қай аймақтарынан табылған? Картадан көрсетіңдер.
Адамдар құрал жасаудың қандай жаңа тәсілдерін меңгерді?

Соңғы палеолит кезеңін ғалымдар адамдардың шын мәніндегі тарихи өмірінің басталуы деп не себептен айтқан, дәлелдеңдер?

Пысықтау сұрақтары арқылы сабақты бекітіп, үйге тапсырма беремін.

Бағалау:

Үйге тапсырма: § 1 бойынша сұрақтарға жауап дайындау. Картамен жұмыс.

 

10 сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы. § 2. Соңғы тас дәуірі

Сабақтың мақсаты:

Соңғы тас дәуірінің үш кезеңге бөлінетінін, оның ерекшеліктерін, табиғаттағы өзгерістердің адам тіршілігі мен өміріне әкелген жаңалықтарын көрсету.
Шаруашылық түрлерінің дамуын, алғашқы металл- мысты пайдаланудың зор маңызын түсіндіру. Үш кезеңнің мәдени ескерткіштеріне тоқталып өту.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:

«Қазақстан б.з.б. VII-б.з. VI ғасырларында»  картасы
«Қазақстан Республикасының саяси картасы».
 Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

 Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар»
Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

Орта палеолот кезеңі адамзат дамуының қай кезеңіне сәйкес келеді?
Бұл кезеңнің тұрақтары Қазақстанның қай аймақтарынан табылған? Картадан көрсетіңдер.
Адамдар құрал жасаудың қандай жаңа тәсілдерін меңгерді?

Сабақтың жоспары:

Мезолит
Неолит
Неолит кезеңінің ескерткіштері
Энеолит  

Негізгі мазмұн

Қай жерден табылды

Тұрақтар

Зерттеудегі жаңалықтар

1

Оңтүстік Қазақстан обылысы

Қараүңгір (б.з.б. 6-5 мыңжылдық)

Үңгір-екі бөлмелі.

Тастан жасалған құрылыстар, сүйектен ине, біз. Қыш ыдыстар

2

Маңғыстау облысы

Ойықты, Төлес

Тұрмыста теріні, сүйек, ағаш өңдеу кеңінен қолданылды. Қыш ыдыстар,  сыртына геометриялық өрнектер салынған.

3

Қосқұдық (б.з.б. 5-4 мыңжылдық)

Шақпақ шәне жай тастардан жасалған көптеген бұйымдар. Тарақ тәрізді өрнекпен өрнектелген қыш ыдыстар

4

Ақмола облысы

Атбасар мәдениеті- Қарлыға, Жабай

200-ге жуық тұрақ табылған. Жартылай көшпелі шаруашылық

5

Торғай облысы

Маханжар, Тұздыкөл, Дүзбай, Сор

Ыдыстар ерекшелігі-жіңішке қылта мойын, конус тәрізді. Өрнектері-тарақша

Сабақты бекіту:

Соңғы тас дәуірінің  кезеңдерінің хронологиясын анықтап, қысқаша айтып беріңдер.
Мезолит кезеңі адам өміріне қандай жаңалықтар алып келді?

Бағалау: Үйге тапсырма беру: § 2. Соңғы тас дәуір

ТОЛЫҚ ЖҮКТЕП АЛУ ҮШІН

...