0 дауыс
22.4k көрілді

Сіз оқушыға мінездеме жаза алмай жүрсіз бе?
Оқушыға нақты мінездеме жазудың үлгісін іздедіңіз бе?
Тапқан үлгілеріңіз орыс тілінде жазылған ба?
Олай болса, сіз іздеген нақты мінездеме жазу параметрлері мінекей. (Керек дүниені әріптестермен бөліскім келді)

Оқушыға берілетін педагогикалық мінездеменің параметрлері

1.Тегі, аты, әкесінің аты; туған күні, айы, жылы: аталған мектепте қай уақыттан бастап оқиды.

2. Білім алу үрдісіндегі оқуға қарым-қатынасы: танымдық әрекетке қызығушылығы, білімге деген ұмтылысы, ынтасы, талапшылдығы, төзімділігі, алған білімін жинақтай алу қабілеті мен қорытынды жасай алуы, білім алудағы ыждахаттылығы мен өзіндік дербестігі, өзін-өзі көрсетуге талпынысы, ойлау процесіне икемділігі, тақырыптарды меңгеру, есте сақтау қабілеттері, жекелеген мүмкіндіктері және сөйлеу мәдениеттілігі.

3. Сабақ үстіндегі тәртібі: оқушының өзін-өзі ұстауы, мектеп талабын, мұғалім талабын орындауы, белсенділігі, ықылас қойып тыңдауы, пәнге қызығушылығы, мадақтаулар мен сынды естігендегі әсері.

4. Еңбекке деген қарым-қатынасы: қоғамдық міндеттемелер мен тапсырмаларды орындау барысында өз бетінше еңбек етуге қабілеті, еңбек тәртібін сақтауы, табандылығы мен төзімділігі, еңбекті адал атқаруы, жауапкершілігі, сынды қабылдай алуы, ұжыммен бірлесіп жұмыс істей алуы, жинақылығы.

5. Азаматтық ұстанымдары: пікірталастарға қатысуы, сөздік қоры, пікірін жүйелі түрде айта білуі әрі оған көпшілікті иландыра алу қабілеті, әділеттілік пен сенімділікке деген қалтқысыз сезімі, үлкендермен қарым-қатынасы (турашылдығы, сөйлеу екпіні, ақыл-кеңестерді, сынды, өтініш-тілекті қабылдай алуы).

6. Ұжым арасындағы мінез-құлқы: ұжыммен қарым-қатынас жасау қабілеті, жауапкершілігі, жолдастық қарым-қатынасы, өзара көмек беруге әзірлігі, достарының арасында әдепті, сыпайы мінез көрсетуі, олармен тіл табыса алуы, басқа адамдармен қарым-қатынасында, эмоционалды ортасында, жұмыс қарқынында темпераменттік ерекшеліктерінің байқалуы, өзіне сенімділігі-сенімсіздігі; оқушының анық байқалатын жағымды және жағымсыз мінездері, оқушының ұжымдағы орны, ұйымдастырушылық қабілеті.

7. Оқушының өз-өзіне қарым-қатынасы: өзі туралы, өзінің тұлғалық қасиеттері туралы пікірі, өз-өзіне берген бағасы, өз-өзіне сенімділігі және оның орнықтылығы, көңіл-күйі (көңілсіздік, тұрақты, тұрақсыз, жабырқаңқы көңіл-күй немесе көңіл-күйдің жиі өзгеруі); қызығушылықтары, қызығушылықтарының тереңдігі мен белсенділігі, қабілеттері мен бейімділіктері, гигиеналық дағдылары (жеке гигиенасын сақтауы, тазалығы).

8. Отбасымен арадағы қарым-қатынасы: (отбасы құрамы, тәрбиесімен кім және қалай айналысады, отбасы мүшелерімен өзара қарым – қатынасы).

Мектеп директоры: 
Сынып жетекшісі:

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...