0 дауыс
397 көрілді
ҚР «Нұр Отан» партиясының

І-орынбасары

Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммедке

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы

Т.Жүргенов көшесі №67 үй тұрғыны

Рысжан Динқызы Тұрсыновадан

Өтініш

Құрметті Мұхтар Абрарұлы!

Мен, 4 баланың анасымын, 32 жыл мәдениет саласында еңбек еттім, 2013 жылдан бері ІІ топ мүгедегі ретінде онкологиялық аурумен диспансерлік есепте тұрамын. Үлкен ұлым Тұрманов Болат Абжапбарұлы Шиелі аудандық Ішкі Істер бөлімінде 2001 жылдан бері қызмет етеді, Қостанай Заң институтын бітірген, жанұялы, 3 баласы бар. Осы балам 2010 жылдан бері Шиелі ауданы Төле би көшесі №28 үйде отбасымен тұрып келеді. Бұл үй «Дихан» күріш компаниясының баланысындағы үй, Қазіргі казком «бұрынғы БТА»  Банкіде кепілдікте тұрған. Осы үй 2016 жылдың 24 тамызында аукционға түсуі керек еді, алғашқы жарнапұлын төлеп отырғанымызда, бұл үй белгісіз жағдайда аукционға түспей, «Дихан» күріш компаниясына өздері сатуға ұйғарған. Банкідегі өзіндік үйдің алғашқы құны 1 533 000 (бір миллион бес жүз отыз үш мың) тенге. Сізден сұрайтыным осы үйді алуымызға көмегіңізді берсеңіз. Сізді осы мәселені әділ түрде  шешімін тауып береді деп сеніммен жолдап отырмын.

Өтініш иесі: Р.Д.Тұрсынова
25 тамыз 2016 жыл

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...