Ат қою рәсімдері Бала – адамның бауыр еті. Қай ата-ана да өз шаңырағында шыр етіп сәби дүниеге келгенінде оған ең жақсы есімді қоюға тырысады. Негізінен, жаңа туған сәбиге есім таңдауға қазақтан дана, қазақтан шебер халық жоқ. Алайда, әрбір ата-ана баласына ат қоярда өзіне жүктелер жауапкершілікті жете сезініп, оған сақтықпен қарағаны, он ойланып, он толғанып барып қана жүрегі қалаған есімді сәбиіне қойғаны абзал. Өйткені, есімдердің адам өміріне, адам атына планеталардың ықпалы өте айрықша. Ырымға байланысты ат қою Қазақтың салты бойын- ша, жас нәресте туған кез- де ата-анасы ең сыйлы, қат- ты құрмет тұтатын адамы- на өз сәбиінің есімін қой-ғызады. Кейде олар келісе отырып, бала есімін өздері таңдайды. Егерде әке-шешесі, ата-әжесі тірі болса, өз немере, шөберелерінің есімдерін солар қояды. Мұн- дайда үлкен кісілердің айт-қаны – заң. Олар айтқан есімді ата-анасының азан шақыртып, сәбиіне қоюы – бұлжытпай орындалатын міндет. Тек есте болатын бір жағдай, сәбиге ат қойғанда айтылуы қиын, қатаң дыбысты, жақсы да жаман мағына беретін, немесе айқайлап тұрған есімдерді қоймаған жөн. Біздің дана халқымызда «Балаға қандай ат қойыл- са, оның болашақ тағды-ры соған байланысты бо- лады», - деген наным-се- нім бар.
P.S.Қосымша Уикипедиядан алынды.
P.S.Қосымша Уикипедиядан алынды.