Бауыржан Жұмаханұлы Омаров 1962 жылы мамырдың 1 жұлдызында Қызылорда облысы Арал ауданы Қаратерең ауылында дүние есігін ашқан. Ол - филология ғылымдарының докторы, профессор. 1986 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Мұнан соң Мәскеу халықаралық бизнес және ақпараттық технологиялар университеті, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде білім алған. Ғалым 1986-1994 жылдары "Лениншіл жас" газетінің тілшісі, аға тілшісі, аудармашы, бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған. 1994-1996 жылдары ҚазҰУ-де аға оқытушы, 1998-2000 жылдары аға ғылыми қызметкер, 2002-2003 жылдары профессор болған. Мұнан кейін түрлі қызметте болған Бауыржан Омаров ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары лауазымына дейін көтерілген.
Ғалым әдебиеттану саласында тер төгіп, 1993 жылы "Мұрат Мөңкеұлының әдеби мұрасы" кандидаттық диссертация, 2001 жылы "Қазақ әдебиетіндегі зар заман ағымы (генезис, типология, поэтика)" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.