0 дауыс
398 көрілді
Есте сақтаудың қандай әдістерін білесідер?

1 жауап

0 дауыс
1. Жақсы кітаптар оқыңыздар
Кітапты оқу барысында миыңызды кейіпкер, оның мінез-құлқы, сезімі, уақиғалар жайлы ақпаратты жаттауға мәжбүрлейсіздер. Мида нақты бейнелер құралып, қабылдауыңыздың жақсаруна себепші болады. Сол арқылы оқу сіздің есте сақтау қабілетіңізді жақсартып, зияткерлігіңізді жетілдіріп, сөздік қорыңызды байытады.

2. Компьютер ойындары
Компьютер ойындарын сүйіп ойнайтындарға, олар өздерінің миын жаттықтыратын білу қуантар. Бірақ… Миды жаттықтыру үшін жарты сағат, асып кеткенде бір сағат жеткілікті. Зияткерлі немесе логикалық ойындарды ойнау барысында, ойыншы стратегия таңдап, алдағы іс-әрекетті жоспарлайды. Егер сіздің жұмысыңыз ескішілдік негізінде болса, жарты сағатттық ойын миды белсенділік жағдайында ұстайды.

3. Ұйқы
Миды жақсы қалыпта ұстау үшін сегіз сағаттық ұйқы керек. Күні бойы сіздің миыңыз әр түрлі мәселелерді шешеді – оңай болсын, қиын болсын. Сондықтан оған ертеңгі мәселелерді шешу үшін жақсы демалыс керек.

4. Жаңа бір нәрсені үйреніңіз
Не нәрсені үйренгіңіз келеді, не нәрсе керектігін жақсылап ойлап, соны жүзеге асырыңыз. Өз күштеріңізді жаңа әуес іске жұмсаңыздар – мүмкін, ол атпен серуендеу немесе сурет өнері болатын шығар. Балаға ертегі жазып немесе өлең шығарып көріңіздер. Ешқашан істемеген нәрсені істеңіздер, өз миыларыңызға оған белсенді қатысуға мүмкін беріңіздер.

5. Кертартпалықтан құтылып көріңіз
Ерекше іс-әрекеттер жасап, аяқ-асты шешімдер қабылдаңыздар. Мысалы, таңғы кофеңізді шырынға алмастыру, сол қолмен жазып үйрену; үйреншікті бағытты ауыстырыңыз – сол арқылы ескіліктен құтыласыздар.
 6. Сандармен жұмыс істеп көріңіз
Көбейту кестесін білесіз бе? Оны ойша қалай санау керектігін ше? Біз өмірімізді калькуляторсыз елестете алмаймыз. Ал сіздер супермаркеттегі саудаңызды ойша есептеп, не басқа да есептерді есептеп көріңіз. Бұл арқылы миды жаттықтырып қоймай, есте сақтау қабілетін де жақсартасыз.
 7. Жаттап үйреніңіздер
Жатқа қанша тақпақ білесіздер? Ал балалар он шақтысын біледі. Сіздер балаларыңызбен бірге он шақты тақпақ немесе қазіргі заманғы ақындардың ұнаған өлеңдерін жаттап алуларыңызға болады. Есте сақтау қабілетін жаттықтырып қана қоймай, жақсы нәрсеге де қол тигізесіздер. Бір кездері әріптестеріңізге, отбасыларыңызға жатқа өлең айтып, оларды таңғалдырасыздар.

 
8. Өткеніңіз туралы айтыңыз
Біреуге кешегі күніңіз жайлы айтыңыз. Соңынан басына дейін. Мысалы, кешке, сосын күндіз не істедіңіздер, кешегі күніңіз қалай басталды. Өткенге көз жүгірту арқылы миыңыз сол ақпаратты жаттап қалады.
 9. Шет тілдерін үйрену
Шет тілдерін үйрену миды жаттықтырудың жақсы жолы. Күніне кем дегенде он жаңа сөз жаттауды әдетке айналдырыңыз. Осыны әдісті меңгергенде, сөз емес сөз тіркестерін жаттауға көшу керек.
 10. Сөздік қорыңызды көбейтіңіз
Күніне өзіңіз үшін жаңа сөзді ашыңыз. Бұл жалпы немесе сіздің мамандығыңызға қатысты сөздер болуы мүмкін. Сізге түсініксіз сөздердің анықтамасын табу үшін сөздіктерді қолданыңыз. Сол жаңа сөздерді өмірде қолдану арқылы жаттаңыздар.
Егер сіздер есте сақтау қабілетіңізді жаттықтырмасаңыз, оны жоғалтып аласыз. Есте сақтау қабілетін әлсіретіп алмау үшін мына 10 кеңесті қолданыңыздар. Олар көп уақытты алмайды, бірақ біраз уақыттан кейін сіздің миыңыз тиімдірек жұмыс істейтінін байқайсыздар.

Ақпарат http://blogtime.kz/bilu-cerec/este-saktaudyn-10-adisi_2.html алынды
...