0 дауыс
981 көрілді

Бір Майкл Фелпске 300 адам жұмыс істейді деп естіген ем. Тіпті, бала күнінен. Егер бұл ақпарат рас болса, олардың үміті ақталды, еңбегі нәтижелі деп айтсақ болады. Қанша дегенмен 21 Олимпиада алтынын алып жатыр.

Олар әрине қалай тамақтану керек, қалай ұйықтап тұру керек, қалай жаттығу керек, қалай тыныс алу керек, қалай киіну керек, психологиялық тұрғыда қалай дайындалу керек, қалай жүзу керек (жүзудің де түр түрі бар), қалай старт алу керек, қандай кітап оқу керек, қандай фильм қарау керек, оны жарыстарға тіркеу, ары бері ұшақпен, көлікпен алып жүру, допинг бақылау... деген сияқты мәселелермен айналысады. Фелпс табиғат жаратқан талант қана емес, ғылымның да жемісі деуге болады. Ол феноменге айналды. Арнайы "Фелпс диетасы" деген бар. Ол бір өзі дені сау үш адамның тамағын ішеді. Бойы 193 см, ал оның құшағы 203 см екен. Қолын құшақ деңгейімен өлшегенде бойынан 10 см ұзын деген сөз. Аяғы қысқа болғанмен, құлаштап жүзгенде қолының ұзындығы көп пайдасын береді екен.

Майкл Фелпс өмірбаяны

1 жауап

0 дауыс
Майкл Фэлпс (Michael Fred Phelps, 30 маусым, 1985 жыл) - атақты АҚШ жүзушісі. Спорт тарихындағы 50 метрлік бассейнде 18 дүркін олимпиада чемпионы, 22 дүркін олимпиада ойындарының жүлдегері және 26 дүркін әлем чемпионы болған жалғыз спортшы. Олимпиада ойындары тарихындағы медаль саны абсолюттік рекордсмен. Лондонда өткен ХХХ жазғы олипиадада Лариса Латынинаның 48 жыл бойы сақталған медальдік рекордын жаңартқан болатын.

 

15 жасында АҚШ-тың олимпиадалық құрамына қабылданған ол, көп ұзамай команданың лидеріне айналды. Дәл сол кезде кәнігі мамандар “Спитцтің ізбасары өсіп келе жатыр” деп жер жаһанға жар салды. Құлақтары қашан да түрік жүретін журналистер мақтаулы жүзушінің қарым-қабілеті қаншалықты екенін байқау үшін оның әр қадамын жіті қадағалай бастайды. Майкл өзінің мықтылығын тұңғыш рет 2003 жылы әлем чемпионатында паш етті. Барселонада 18 жастағы спортшы үш мәрте алтын медальды иеленіп, әлемдік рекордты бес рет жаңартты. Ал Афина Олимпиадасының алауы тұтануына тура бір жыл қалған. Спитцті тақтан тайдырып, өзінің шын мәнінде “су патшасы” екенін Майкл Фелпс ежелгі Эллада елінде дәлелдеуге тиіс еді.

 

Олимпиаданың алғашқы күнінде 400 метрге кешенді жүзуде АҚШ спортшысы әлемдік рекордты жаңартты. Жанкүйерлер “бір” деп бас бармақтарын бүкті. Бірақ келесі күні еркін тәсіл бойынша 4X100 эстафеталық бәсекеде кілең жұлдыздардан жасақталған америкалықтан мәре сызығын небәрі үшінші болып қиып өтті. Енді Спитцтің рекордын бұзу мүмкін еместей көрінді. Фелпс бұл сәтсіздікке аса қайғыра қойған жоқ. БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында: “Мен Спитцтің рекордын жаңартуды мақсат тұтқан емеспін. Ондай әңгімені таратып жүрген журналистер. Афинада мен жалғыз алтын алсам да, соны місе тұтар едім”, – деді. Көп сөйлеп көпіргеннен гөрі, көп іс тындырғанды жөн көретін жүзуші көп кешікпей жеңіп алған алтындарының санын беске жеткізді. Енді небары екі рет жеңіс тұғырына көтерілсе, атақты Спитцпен теңесетін еді. Миллиондаған жанкүйер сол тарихи сәтті көруге құлшынды. Өзге біреу болса, тарихта қалуға тырысып, жанын салар еді-ау, бірақ Фелпс ойда-жоқта өз орнын әріптесі Иан Крокерге босатты. Жанкүйер біткеннің барлығы аң-таң, мамандар оның бұл әрекетін түсіне алмай әлек. Ал Майкл болса: “Өкінішке қарай, Крокердің еншісінде бірде-бір алтын жоқ. Ал мен бас бәйгенің бесеуін алып үлгердім. Сон­дықтан да досыма өз орнымды ұсынып, жоғарыдағы олқылықтың орнын толтыруға мүмкіндік бердім. Қанша дегенмен, біз бәріміз бір командамыз ғой”, – деп мәрттік танытты.

Келесі күні 19 жастағы Майкл Фелпс алтыншы мәрте алтын медаль жеңіп алды. Осылайша Марк Спитцтің рекорды бұзылған жоқ. Алайда жас жүзушінің бұл мәрттігі жайында жанкүйерлер әлі талай жылдар бойы әңгімелеп жүрері анық. Алайда рекордтық көрсеткіш көп күттірген жоқ.
...