Шағын бизнес бастағысы келетіндерге сұрақ: ойыңыздағы шағын бизнес жобасын бастап кетуге қанша қаражат керек? Егер ол соманы біреу бере тұрса, неше уақытта қайтарар едім деп ойлайсыз? Мысалы: көптен бері бір фотостудия ашқым кеп жүр. Жан тәніммен ұнатып істер жұмыс болар еді. Бар уақытымды соған арнап, жүйелі түрде дамытуға барымды салар едім. Соған қажетті фотоаппарат, компьютер т.б. алуға, бірнеше ай кеңсе жалдағанға 2 млн теңге жетер еді. Шамамен ай сайын түсетін табысымды есептегенде, ол ақшаны 10 айда қатарып берер едім... дегендей. Немесе, 300 000 теңге тапсам, шағын үйірме ашар едім. Ақшаны бір жерден ала тұрсам - 3 айда қайтарып берер едім дегендей... Жобаларыңызды айту шарт емес, жай сомасы мен уақытын жазсаңыздар? Сауалнама деп қабылдасаңыздар болады. Барынша көбірек адамнан жауап алсақ жақсы болар еді...