0 дауыс
1.9k көрілді
Апкем менің баламды асырап алган. Бірақ фамилясы менің атымда. Әпкем өз атына жазғыза ала ма баланы. Қай жерге бару кереки.

87083335519

1 жауап

0 дауыс

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
64-бап. Баланың атын және (немесе) тегін өзгерту

1. Ата-аналарының екеуi де тегiн өзгерткен кезде кәмелетке толмаған балалардың тегi өзгередi. 

Бала он алты жасқа толғанға дейiн ата-аналарының бiрлескен өтiнiшi бойынша тіркеуші орган баланың мүдделерiн негiзге ала отырып, баланың атын, сондай-ақ оған берiлген тектi ата-анасының екіншісінің тегiне өзгертуге рұқсат береді. 

2. Неке (ерлі-зайыптылық) тоқтатылған немесе неке (ерлі-зайыптылық) жарамсыз деп танылған жағдайда бала өзiне туған кезде берiлген тегін сақтайды. 

3. Егер ата-аналары некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуын тіркеуші органда ресімдеместен бөлек тұрса не балаға қатысты әке болу анықталса және бала өзімен бiрге тұратын ата-анасы оған өзiнiң тегiн бергiсi келсе, тіркеуші орган бұл мәселенi баланың мүдделерiне қарай және нотариатта ресімделген басқа ата-ананың пiкiрiн ескере отырып шешедi. Ата-ананың тұратын жерiн анықтау мүмкiн болмаған, ол ата-ана құқықтарынан айрылған не олар шектелген, әрекетке қабiлетсiз деп танылған кезде, сондай-ақ ата-ана баланы күтіп-бағудан және тәрбиелеуден дәлелсіз себептермен жалтарған жағдайларда, ата-ананың пiкiрiн ескеру мiндеттi емес. 

4. Егер ата-аналары некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуын тіркеуші органда ресімдей отырып, бөлек тұрса және бала өзімен бірге тұратын ата-анасы оған өзінің тегін бергісі келсе, тіркеуші орган бұл мәселені ата-аналарының екіншісінің пікірін ескерместен, баланың мүдделеріне орай шешеді. 

5. Егер бала бiр-бiрiмен некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты емес) адамдардан туса және әкесi заңды тәртiппен анықталмаса, тіркеуші орган баланың мүдделерiн негiзге ала отырып, оның тегiн анасының осындай өтiнiш жасаған кезде болған тегiне өзгертуге рұқсат етеді. 

6. Он жасқа толған баланың аты және (немесе) тегi заңды өкілдердің қатысуымен алынған оның келiсiмiмен ғана өзгертіледі. 

Ескерту. 64-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Подробнее: https://kodeksy-kz.com/o_brake_i_seme/64.htm

Ұқсас сұрақтар

...