0 дауыс
1.3k көрілді

1) Барлық саладан фундаментал білімің, аз да болса xабарың болады. Кез келген саланың маманымен немесе кез келген елдің азаматымен түрлі тақырыпта ұялмай сөйлесе аласың. Себебі Reading, Speaking бөлімі осы жақтарыңды көбірек дамытады, дүниетанымың мен ой-өрісіңді арттырады.

2) Ағылшын тілінде кино, спектакль қарап, оңай түсініп отырасың, өзіңді шет тілін ұғатын мәдениетті адам ретінде сезінесің. Ағылшынша әндерді, клиптерді түсінбей жай тыңдамай, керісінше әннің әр бір сөзін түсініп, қосылып айтып та жүруге болады. Listening секшн осындай қасиеттеріңді дамытады.

3) Writing бөліміне жаттығу барысында түрлі мәселелерге көзқарас білдіруді, кез келген дүниенің екі жағы бар екенін, артықшылығы бар дүниенің кемшіліктері де болатынын түсінесіз. Осылай өзіңіздің критикал және аналитикал ойлау қабілетіңіз пайда болады.

4) Speaking бөліміне дайындалғанда, презентейшн жасау қабілетіңіз артып, түрлі тақырып ұялмай ойыңызды айта алатын, өзің туралы айтқанда еркін сөйлейтін деңгейге жетесіз. Бойыңызда комплекс деген атымен жоқ болады.

5) Жүйелі болуды үйренесіз. IELTS тестінің әр бөлімінде, әр сұрағында әдемі жүйе бар. Сөйлегенде артық қуып кетпей, регламентпен сөйлеуіңіз керек. Эссе жазғанда да нақты жүйелі құрылыммен, ойыңызды толық нақты жеткізуге үйренесіз. Reading мен Listening бөлімінде де жай оқып, тыңдап қоймай логикалық байланысы бар, қосымша ақпарат беретін мәтіндер түседі. Дайындалғанда да нақты жоспар, тұрақты еңбекке негізделген жүйеңіз болмаса, төмен балл алып қаласыз.

6) Ағылшынша кітаптар, газет-журналдар мен сайттарды оқып, обьективтілік, конструктивті сын, эмоциясыз дискуссия сияқты дүниелерді толық түсініп, өз өміріңізде қолданып, деңгейі жоғары білікті де, білімді маман боласыз.

7) Еліңізді, туған ауылыңызды, отбасыңызды, туған өлкеңіздегі әр ғимаратты, туған жеріңізбен байланысты орындар мен адамдарды сыйлауды, еске алуды, сағынуды, дәріптеуді және мақтауды меңгересіз. Себебі IELTS емтиxанында солар жайлы көсіліп айтуға тура келеді.

Сонша пайдалы мәлімет алып болсаңыздар, тақырыпты одан ары талқылайық. Егер ағылшын тілін үйренемін, IELTS емтиxанына дайындалғым келеді десеңіздер, Әли деген бауырымыз екеуміз жеке және мини-топта онлайн және оффлайн дайындаймыз. Қалған сұрақтар бойынша жекеге жазыңыздар, алғашқы 1 сабақ тегін болады.

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...