0 дауыс
9.4k көрілді

Мен неге көп терлеймін? Көшеге шықсам болды футболкам арты су болады. Бұл ауру ма, әлде солай терлей ма? Қалай тершең болмауға болады. Терлеген соң тиісінше сасыйсың.

Терлеу

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Сосын киім алғанда оның құрамына аса бір назар аударыңыз. Элителен, полиестер деген футболкаларға мүлдем жоламаңыз. Ол 100 пайыз таза мақта емес, қатты терлетеді. Себебі ауаны өткізбейді. Егер құрамы 100 пайыз мақта(Хлопок) футболка алмасаңыз терлегеніңіз терлеген.

Ауа өтпеген соң терлей беретін боласыз. Сондықтан дүкеннен киім алғанда 100 пайыз мақа болғанын қадағалаңыз. 5 пайыз полителен болса болды терлете береді.

Cotton деп отырғанымыз ол мақта! Осы мақта болғаны дұрыс.

0 дауыс
Жиі терлейтін болсаңыз

Ыстықта да, суық мезгілде де терлеуге бейім адамдар осы мәселемен күресіп, алдын алғысы келеді. Әрине, оның бір-ақ жолы бар: Ол – таза жүру. Жиі терлеу жағымсыздығымен күресу үшін мынадай кеңестер береміз.

Адамда тер бездерінің екі түрі болады. Бір түрі адамның сыртқы денесінде біркелкі жайылған, олар денені майландырып, жылылықты ретке келтіріп тұрады. Екінші түрі, көбіне, қолтық астында болады.Қолтық астындағы тер бездерінің терді көп шығаруы теріні қызартып, жұқа терінің сыртын жаралай бастайды.

Қолтық астының тершеңдігін азайту үшін құрғатқыш заттар – танин (ағаш қабығының ұлпасы) және шалфей (дәрілік шөп) жапырақтарының тұнбасы қолданылады. Қолтық астын 70%-дық спирттпен сүртіп, соңынан бор қышқылы опасымен (пудрамен) сүртсе де жақсы болады. Сол сияқты салицил немесе формалин спиртімен, лизол ерітіндісімен (стақан суға бір ас қасық) сүрту де пайдалы. Уротропинді опа сияқты үгіп сепкен де жақсы нәтиже береді.

Бұл айтылған дәрілерді де көрсетілген мөлшерден артық қолдануға болмайды, ол теріні күйдіріп, қызартып жібреуі мүмкін. Аталғандәрілерді қолтық астына үш күн жағып, содан соң бір апта үзіліс жасау керек.

Жалпы күн сайын мынадай гигиеналық шаралар жасап тұрған дұрыс:: күніне 1-2 рет суға түсіп немесе сулы орамалмен денені сүртіп тұру қажет. Ең бастысы терлеудің алдын алған абзал.

Мақала ұнады ма? Ұнаса, достарыңмен бөліс!

Ұқсас сұрақтар

...