+1 дауыс
853 көрілді

Түркияның экономикалық реформаларына қызығамын, біраз зерттенгенім бар. Ал сыртқы я ішкі саясатына қатысты ештеңе айта алмаспын. Десе де кейбір айтылып жатқан пікірлерге ой қосқым келеді.

1. "Мемлекеттік төңкерісті Ердоған өзі ұйымдастырған". Бұл енді абсурд! Түрік халқын ақымақ санаудың қажеті жоқ. 60тан аса адам өлді, атыс болды. Осының бәрі шоу дегенге кім сенеді? Халық шықпағанда мемлекеттік төңкеріс болар еді, бұл сөзсіз!

2. Ердоған ұнасын, ұнамасын заңды сайлау арқылы билікке келген. Бұл - түрік халқының таңдауы. Оны әскери жолмен төңкеру - халық таңдауына қарсылық. Оппозиция мемлекеттік төңкеріс талпынысын айыптады. Ердоғанға қарсы халықтың өзі алаңға шықты. Мәселе Ердоғанда емес, барлық өзгерістің демократиялық жолмен болуына қатысты. Қазір әскери төңкерістердің заманы емес! Бүкіл әлем мұны айыптап жатыр.

3. "Кімге пайдалы?!" Біраз адам Ердоғанға пайдалы депті. Енді мемлекеттік төңкеріске талпынысты ол және оны қолдайтындар жасаған жоқ. Сәтті іске асса шаруасы бітуші еді.

4. "Ердоған халықты алаңға шақырды, бұл дұрыс емес!" Сонда не істеуі керек еді, қарап отыруы керек пе? Халық дауысын беріп сайлады, ендеше сол халық бәрін шешсін! Саясаткер халқына сүйенуі керек.

5. "Түркия президенттік басқару жүйесіне өтуі мүмкін". Бұл расымен болуы мүмкін жағдай. Алайда, меніңше Түркия үшін бұл қате жол болар еді. Абдолла Гүл, Ахмет Дауытоғлы сынды тұлғалардың да саясаттан кеткені өкінішті.

6. "Түркия армиясының беделі түсуі мүмкін". Төңкерісті бүкіл армия басшылығы ұйымдастырған жоқ. Басқа басқа, бірақ түріктер - әскер қадірін білетін халық. Қанша зұлмат жағдайдан да елді кезінде алып шыққан армия болатын. Сондықтан не жағдай болмасын армия қадірсіз болып қалады дегенге сенбеймін.

7. "Қазақтар Түркияны несіне талқылап жатыр?!". Түркия бізге бауырлас ел, ондағы жағдай біз үшін маңызды, ой қосуға құқығымыз бар. Әлбетте, бұл - Түркияның ішкі шаруасы. Біздің тілек - ондағы жағдай тезірек тұрақталғаны. 

Бүгін шындығында халық Ердоғанды емес, заңды билікті, өзі дауыс беріп сайлаған Үкіметті қолдады. Ердоғанға ашық қарсы саясаткер, журналистер т.б. мұны айыптап жатыр. Олар жағдай тұрақталса қайтадан Ердоғанды сынауын бастайды. Бұл - демократия. Бұл жағдайдардың барлығы Түркия экономикасы үшін ауыр соққы болып жатыр. Түбі бұл сынақтардан да бауырлас Түркия аман-есен өтетініне сенемін.

Руслан Желдібай

1 жауап

+1 дауыс
Ең алдымен сол түріктердің мінез құлқын зерттеп, біліп алайықшы, Саясаты содан кейін ақ белгілі бола жатар. Олар Ресейден кешірім сұрап,атып құлатқан әскери ұшақтарын төлеп берейін деп жатқанын есіткен кезде ақ көңілім қалып қалған.Алдында Ресейге доқ көрсеткен еді еркек сияқы......
Кешірім сұрағанда, тату тәтті өмір сүру барлығына тиімді. Көкіректеніп Ресеймен ұрысып қалғанда сол елден турист ретінде келетін адамдар саны 0-ге түсіп кеткен болатын. Ал түріктерде турзим дамығанын ескерсек табыс көзінің негізгі бөлігі осыдан келетін. Көптеген мейрамханалар осы жағдайға шыдай алмай банкрот болып кетті. Түркия өкіметі амал жоқ достасуға тура келді.
Түрік халқы біздің бауырлас халық. Сондықтан ол елде болып жатқан жағдайдың барлығы бізге тікелей қатысы бар.
Ааааа?  Түріктерге 1-ші намыс емес, ақша керек екенін білмей қалыппын мен. Оларға  бәрібір сенбеймін.
...