0 дауыс
389 көрілді
Қазақстанның электрондық БАҚтары:деңгейi және тақырыптары?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
ЭЛЕКТРОНДЫҚ БАҚ

Қазақстанда 252 электронды бұқаралық ақпараттық құралы тіркелген:146 телерадиокомпания (88-телекомпания және 58- радиокомпания), 98 кабельді оператор.

11 телекомпания және 6 радиостанция республикалық мәртебеге ие («Қазақстан» РТРК» АҚ, «Хабар» Агенттігі» АҚ, «КТК» АҚ, «НТК» ЖШС, «Рахат-ТВ» ЖШС, «Астана қ.телевидениесі» ЖШС, «31 канал»ТРК ЖШС, «Эра»Телерадиокомпаниясы» ЖШС, «Қазақстан Европа плюс» ЖШС, «Азия-орыс радиосы» ЖШС және «NS радио» ЖШС және т.б.).

Республика аумағында қызмет көрсету деңгейі мен сапасы жоғары, ақылы, көпбағдарламалы телевизия қызметтерін ұсынушы, эфирлік-кабельді телевизия желілерінің 98 операторы жұмыс істейді. Олардың жұмыс істеу аясы жергілікті сипатта болып келеді. Бұл жағдайда, топтамалардағы телевизиялық бағдарламалар саны 20-дан 119-ға дейін ауытқиды. Бұл секторда «Алма-ТВ», «DIGITAL TV», «ID TV» және «ICON» сияқты бірнеше алпауыт операторлар жұмыс істейді.

Кабельді және эфирлік-кабельді телевизиялардың ішкі құрылымы Алматы, Астана, Қарағанды, Қостанай, Өскемен, Павлодар секілді ірі қалаларда қарқынды дами бастады.

Осы уақытқа дейін, уәкілетті органда 222 шетелдік теле-,радиоарна тіркелген: ресейлік – 151, ағылшындық – 20, француздық – 14, американдық – 11, түрікше – 7, украиналық – 4, басқалары – 15 (Нидерланды, Корея, Гонконг, Шешен Республикасы, Дағыстан Республикасы, Беларусь, Эстония, Кипр, Швейцария, Германия).

60 шетелдік телеарна орыс тілімен қатар ағылшын тілінде хабар таратады, 23 телеарна – ағылшын тілінде, 4 телеарна – француз, 4 телеарна – түрік, және басқа тілдерде хабар таратады
...