+2 дауыс
543 көрілді

Құрметті жамағат! Бір кітапты қазақ тіліне аударайын дегенмін. Англияда шыққан кітап — 3 бөлімнен, әр бөлімі 5-6 тараудан тұрады. Ал көлемі сонша — бір жыл ішінде бәрін аударып тәмамдауым екіталай, сол себепті әзірше «Жұлдыз» журналына тек аударма толқынына іліккен І тарауын жариялатуға тырыссам деген ой бар. Сонымен сұрақтар: шетел кітабын аудармақ үшін қандай құқықтық шаралар істеу керек? Кәмелеттілік — міндет пе? Кімге өз сауалдарымды қоюым лазым? Қандай баспаларды ұсына аласыз?

Сұрағыңыз өте орынды, бірақ  "Жамағат" деген сөзді қолданудың қажеті жоқ.

Жай ғана қазақшалап  "Құрметті ханымдар мен мырзалар, әріптестер, серіктестер, достар,  қонақтар! "  деп жылы сөздерді қолданған дұрыс болады. Қадамыңыз оң болсын, қаламыңыз ұштала берсін. Сәттілік болсын !
Керісінше, Сіз айып етпеңіз, алайда «жамағат» сөзін мен, мешіттен бөлек, зайырлы қоғам арасында да естимін. Сұрағымда қай сөзді қолдануым қажет, қайсысын — қажет емес екенін мен өзім білетін болармын. Уәжіңізді әлі толық түсінбедім, бірақ егер араб пен парсының кірме сөзі ұялтса, өз лексиконыңыздан дәл сол «айыбыңызды», «мырзаңызды», «әріптесіңізді», «пікіріңіз» бен «қаламыңызды» шығарып тастағайсыз. Тілегіңізге мың алғыс, әйткенмен, көріп отырғаныңыздай, сұрағымның өзектілігі қай қаратпа сөзді қолдануыма бағытталмаған еді — жауабыңыз қанағаттандырмады; келесі жолы мұқият болыңыз :)
Мен сізге әлі жауап берген жоқпын . Біз бұл сайтта қонақпыз, жамағат емес.
Элита, жамағат сөзі орынды, жалпы қауымды айтады. Әр түймедейді шұқылай берсек неміз қалад)
Қазақта сөз көп, сөзге ең бай халықпыз,  мүмкіндік болса сол жамағат сөзін қолданбай ақ қояйық. Ол сөзге жалпы халық қарсылығын білдіруде, жалғыз мен емес.
  Сот шешімімен тыйым салынған «Таблиғи жамағат» ұйымының идеологиясы радикалдық тұрғыда уахабизмге жақын болып табылады.

Источник: http://caspionews.kz/tabli%D2%93i-zhama%D2%93at-de%D2%B1/
Олай болса "Халық" деген сөздің орнына
 жамағат аралық әуе жай.
жамағаттар достығы үйі.
8 Наурыз жамағат аралық әйедер мерекесі деп қойсаң не болады?
Бұл жамағат сөзін өзбекстаннан келіп шұбырып жүрген сарт,парсы,қарақалпақ,таджик,бұхарский еврей гастербайтерлер мен қайыршы дуаналар көп қолданады. сондықтан ұнамайды, жек көрем.
Сіз білсеңіз сунниттерді яғни мұсылман қауымын "Аxлу Сунна уаль Жамағат" дейді. Сол себебті ол пайымдауыңыз орынсыз. Екінші пайымдауыңыз тағы орынсыз. Халық пен жамағат екі түрлі сөздер. Олай шектен шықпау керек.
" Халық пен жамағат екі түрлі сөздер. Олай шектен шықпау керек"
Міне ! өзіңіз де екі түрлі сөз дедіңіз.  Сондықтан "халық" деп айтып жүрейік.
Халық қаһарманы, Халық батыры деген сияқты
Жамағат қаһарманы, Жамағатқа еңбегі сіңген әнші, еңбекші деген болмайды.  Яғни біз жамағат емеспіз.    Халықпыз!
достым, түсінбедім сені, ренжіме)
Бұл жерде мен ренжімеймін. Ренжитіндей жөнім жоқ!

1 жауап

+1 дауыс
Ең бірінші авторлық құқықты бұзудан сақ болыңыз, яғни кітап авторының рұқсаты керек, (егер қайтыс болған болса 70 жылға дейін (әр елде әр түрлі) құқық сақталады да, одан кейін жалпы адамзат құндылықтарына енеді), кәмілеттік еш маңызды емес, аудара беруіңізге болады
...