Сұрағың өте орынды. Мен конструктор болуды армандағанмын.Бірақ қазақстанда конструкторларға жұмыс орны жоқ, конструкторлық жобаларың керек емес,сондықтан жеке кәсіпкерлік ашып, құрылыс дизайн жобаларын жасаймын, тапсырыспен ғана және компьютерлер жөндеумен айналысып кеттім, бос уақытымда демалу үшін әр түрлі техникалардың жобасын жасаймын, олар жатады әр жерде шашылып, қазақпыз ғой, пейзаждар саламын т.с.с.
Егер осы сен айтқандай әр адам өзіне қатты ұнаған сүйікті мамандығы бойынша жұмыс істесе, еліміз керемет гүлденіп кетер еді. Өкінішке орай олай болмай тұр, танысы барлардың шанысы бар болып тұр. Әйтеуір мансап қуғандар көпшілігі, бардың-келдің айлық жүріп жатыр. Ал, не-бір қолынан іс келетін талантты қыз-жігіттер базарда саудада қор болып жүр. Оларды жақсы білемін, талант бар, таныс жоқ!