0 дауыс
1.2k көрілді
Жайдарман қай жыл құрылды. Оның тарихы туралы керек еді

1 жауап

0 дауыс
«Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігі
Құрылған жылы – 20 маусым 2005 жыл
Президент – Есен Елеукен
ЖАЙДАРМАН:
Бүгінде жалынды жастардың басын қосқан «Жайдарман» әзілқойлар мен тапқырлар сайысы (бұдан әрі – «Жайдарман»)
жастардың сүйіп көретін және сүйсіне ойнайтын әзіл алаңына айналды. «Жайдарман» — қазіргі таңда телеарна арқылы көрсетіліп, көптің ықыласына бөленіп жүрген ерекше жобалардың бірі. Көптеген жастардың жүрегіне жол таба білген бұл ойын жарнаманы қажет етпейді, керісінше Жайдарманның өзі жарнама болып табылады. Жайдарманның ең басты ерекшелігі — өз шығармашылығына өмірдегі, саясаттағы, жалпы қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды өзек етуінде және де халықтың заманауи сұранысының талаптарына сай болуында. Сахна мәдениеті мен шеберлік, би, ән, мимика, сөйлеу мәнері, ой ұшқырлығы сияқты өнер атаулының түрлі жанрларын қамтитын аталмыш ойын тек шығармашыл жастардың орталығы. Егемендік пен тұрақтылықты ту етіп, халқымыздың рухани және мәдени топтасуы мен ұрпақтар сабақтастығын ұштастыруды, елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларды кеңінен насихаттауды мақсат тұтқан «Жайдарман» әзілқойлар мен тапқырлар сайысы – жастарды мәдениеттілікке тәрбиелеу, интеллектуалды деңгейін көтеру және өмірлік дұрыс бағыт-бағдар беру мен қоғам дамуына үлес қосу мен жастардың өмірде өз орнын дұрыс таба білуге баулиды.
БҮГІНГІ ЖАЙДАРМАН ЖАСТАРЫ – ЕРТЕҢГІ ЕЛ БОЛАШАҒЫ!
Ұйымның мақсаты :
• Қазақстан КВН Одағының ең негізгі мақсаты – мемлекеттік тілді КВН қозғалысын өркендету. Қазақ тілін кеңінен қолдану
өрісін көркейте түсуге және де беделін арттыруға үлес қосу;
• Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан — 2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын кеңінен насихаттау;
• Елбасының «Интеллектуалды ұлт — 2020» қалыптастыру идеясынан туындайтын мақсат-міндеттерді орындау;
• Жас буынды тәрбиелеудің негізгі бағыттарының іске асуын қолдау және «Саламатты Қазақстан» бағдарламасында
көрсетілген салауатты өмір салтын насихаттау;
• Жастардың жан-жақты шығармашылық қабілеттерін дамыту және олардың зерделік потенциалын жүзеге асыру;
• Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;
• Жастар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;
• Танымдық жұмыстарды ынталандыру;
• Жастар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;
• Жауапкершілік мен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған жастардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту;
• Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру;
• Халықаралық бітім мен азаматтық келісімге келуге, Қазақстан халықтарының ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-
ғұрыптарының дамуына, өнегелі және рухани байлықтарын нығайтуға жағдай жасау;
• Республика аралығында және халықаралық байланыстың орнауы мен дамуына үлес қосу;
Лигалар жүйесі :
• Республикалық «Жоғары» лига – Астана қаласы;
• Республикалық «Премьер» лига – Астана қаласы;
• Республикалық Алматы ашық лигасы – Алматы қаласы;
• Республикалық «Батыс» орталық лигасы – Ақтөбе қаласы;
• Республикалық «Ертіс бойы» орталық лигасы – Павлодар қаласы;
• Республикалық «Әулие ата» орталық лигасы – Тараз қаласы;
• Республикалық «Сарыарқа» орталық лигасы – Қарағанды қаласы;
Телевизиялық түсірілім:
«ҚАЗАҚСТАН» ұлттық арнасы:
• Республикалық «Жоғары» лига – Астана қаласы;
• Республикалық «Премьер» лига – Астана қаласы;
«НТК» телеарнасы
• Республикалық Алматы ашық лигасы – Алматы қаласы;
...