0 дауыс
7.8k көрілді
Адамға ең қажет не нәрсе?

7 жауап

0 дауыс
Адамға не қажет екенін адам жарықтықта білмес. Бірақ өз ойымды жазайын. Адам ауасыз, сусыз, тағамсыз өмір сүре алмайды, тұрақты мекені болмаса қаңғып кетеді, жанұясының жылуынсыз өсе алмайды, айналаны зерттемесе дами алмайды, ал адамға пана да болып, тағам беріп отырған Жер-Ана немесе табиғат. Сондықтан айтар болсам адамға ең қажет нәрсе Табиғат. Табиғатты аялап ұстау керек. Алла Тағаламыздың берген сиын қадірлеуміз керек.
Өте орынды жауап, дұрыс!  Бірақ,   Мен ойлдап отырмын қазіргі адамдарға тек ақша ғана керек па деп, керек болса жерін де сатып жіберіп жатыр, табиғатымен қоса,   туған бауырлары бір-біріне ақша бергілері келмейді,   бауырдан ақша жақын болып кеткен қазіргі заманда. (Айналаның бәрі сондай шын мәнінде)    Ал  саған таң қалып отырмын,  осындай  ақшаға қызықпайтын  адамдар әлі де бар екен деп......
Неге екенін білмедім бірақ мен ақшаға қызықпаймын. Барлық пәле-жала осы ақшадан. Иә, қазіргі көпшілік өз өмірін ақшасыз елестете алмайды. Мен үшін ақша адамға қызмет етуге арналған және де ақша мен үшін құнсыз, бірақ қазірігі көпшілік ақшаға қызмет етуде. Адамдар осыншалық ақшадан не тапты екен Құдайындай сиынатын... Жерін сатқан ештеңе емес, арын, иманын, тілін, ділін, жанын осы ақшаға сататындар бар. Ақша туралы айтар датым көп, сөзбен айтып жеткізе алмаспын
Ресейден келген бір бейтаныс орыс жігіті айтып еді былай деп:  Ресей азаматтарының бәрі Америкаға жұмыс істеп жүр деп(таң қаласың ба?). Қарап тұрсақ тек Ресей емес, бүкіл әлем Американың құлы болып кетіпті, себебі: бәрі де доллармен өлшенеді,  долларға тәуелді. Міне Америка әлемді соғыссыз, жайлап жаулап алды деген осы. Бір елді басып алу үшін оқ, қару жасап, соғыс жариялаудың қажеті жоқ, оларға қарыз (кредит) беріп белшесінен қарызға кіргізсең болды екен. Америка осы тактиканы ұстанып келеді. бірақ оны көп елдердің  атқамінерлері аңғармай келеді...өз халқы өзге елге құл болып жүргенімен шаруасы да жоқ.
Ия. Қазір доллар иісін сезсе болды елін, жерін сатуға дайын тұрады...
0 дауыс
Бәрi керек қысқасы...
+1 дауыс
Материалдық жағынан бөлек, адамдық қасиетімізді жоғалтпайық)
0 дауыс
Отбасы жылуы...
Иа дұрыс айтасың..
0 дауыс
Денсаулық,әйтеуір өзіме ең керегі осы)
0 дауыс
Табигат,таза ауа,су,денсаулык,отбасы,акша да кажет адамга бул заманда.
0 дауыс
Ауа)))))))))))))))))))

Ұқсас сұрақтар

...