Қазақстан нарықтық экономикаға өту жолында халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу сипатын түбегейлі түрде өзгерте отырып, дүниежүзілік нарықта жаңа өзгерістерге ие болып жатыр.
Бұрынғы КСРО-да өндірістің интернационализациялануы “жоғарыдан” әкімшілік басқару арқылы, саяси деңгейде жүргізілді.
Экономикалық өзара көмек кеңесі (ЭКК) елдері сыртқы экономикалық қызметінде бір-біріне бейімделеді. Интеграция механизмі келесі элементтер көмегімен жүзеге асырылады:
1) біріккен жоспарлы іс-әрекет;
2) ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру;
3) өндірістің мамандануы және кооперациялануы;
4) халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіндегі сыртқы сауда мына принциптер арқылы жүзеге асырылды:
• “шикізат – дайын өнім”;
• “дайын өнім – дайын өнім”.
- “шикізат – дайын өнім” принципі “КСРО – экономикалық өзара көмек кеңесі елдерінің” қарым-қатынасына тән болған.
Дүниежүзілік нарықтық кеңістікте Қазақстанның өз бетімен экономикалық дамуы болашақта дүниежүзілік нарықта дұрыс бейімделуі және халықаралық еңбек бөлінісінде өз орнын табуы үшін сауатты капитанның бар болуын қажет етеді. Бұл үшін біз қандай өнеркәсіп өндіріс салаларында бірінші орындамыз, қандай салаларда монополист болып табыламыз, қандай салаларда дайын өнім сатып алуымыз керек, ішкі нарықта өніммен қамтамасыз ету үшін қандай салаларында өндірісті дамыту, қандай салалларда ОПЕК сияқты картель типіндегі біріккен мемлекет аралық кәсіпорындарды құру керек екендігін анықтау қажет.
Дүниежүзілік өндірісте түсті металлургия, уран рудасы, фосфор тыңайтқыштары, алтын өндіру т.с.с. салаларында алдыңғы орында тұрғанымызбен, Қазақстанды дүниежүзілік нарықта шикізатпен жабдықтаушы ретінде емес, дайын өніммен және жартылай фабрикатпен жабдықтаушы ретінде танытқан біріккен мемлекетаралық кәсіпорындарды құру жолдарын іздестіруіміз керек. Мұндай жағдайдан біздің республикамыз серіктесінің имиджін пайдалану арқылы шыға алады.
Қазақстан Республикасының экономикалық потенциалы. ТМД елдерінің ішінде Қазақстан территориясы бойынша Ресей Федерациясынан кейін екінші орында, оның территориясы 2717,3 мың шаршы километр. Қазақстан территориясына барлығын қосқанда 240 млн. адам тұратын, сегіз еуропа мемлекеттері сияды: Франция, Испания, Италия, Португалия, Швеция, Норвегия, Греция және Финляндия. Республика 14 облыстан, 198 ауданнан, 82 қаладан тұрады, ол көптеген жер ресурстары мен пайдалы қазбаларға бай. Қазақстан сирек кездесетін табиғи байлықтарға ие.