Ұлы физик Энштейн өте нашар оқыған екен. Тағы да бір нашар оқыған кластасым Алматыда магнат болып жүр. Бір жақсы оқыған кластасым, басы істемегендіктен әскери бөлімде контракт бойынша прапоршик болып жүр, ауылда позор болмайын деп амалының жоғынан.
Шын негізінде біз сол кезде байқамаған екенбіз, мектеп кезінде кітап кеміргендердің көбісі тормоз болып қалған, милары сол кезде қатты шаршап, қазір ауылда жүр жұмыссыз махоркаларын тартып, малдың соңында. Ал, артқы партада сабаққа көңіл бөлмей, басын ауыртып тыңдамаған балалар қазір шетелдерге барып кеп жүр, ірі кәсіпкерлікпен айналысып. Негізінде олардың бастары қатты істеген екен, сол кезде білген екен нарық заманының басталатынын, олар тек күреспен, спортпен айналысатын, төбелестерді жақсы меңгерген.