0 дауыс
5.6k көрілді
INTEL процессоры туралы реферат керек еді? Практика үшін керек болып тұр?

1 жауап

0 дауыс
Intel фирмасының 80x86 процессорлар тобы (Семейство 80x86 процессоров фирмы; Intel Intel 80x86) - Intel фирмасының (Cyrix, Texas Instruments тәрізді фирмалардың да) жасаған процессорлар тобы, олар: 8088 — мәліметтері 8-бит шиналы, ал адресі 20- бит шиналы (адрес кеңістігі 1 Мбайт), жұмыс жиілігі 4,77 МГц-ӀВМ PC/XT компьютерлерінде пайдаланылды; 8086— 8088 процессоры тәрізді тек мәліметтері 16-бит шиналы - PS/2 компьютеріне қойылды, жұмыс жиілігі — 8—10 МГц; 80286 (286) — мәліметтері 16-бит шиналы, ал адресі 24-бит шиналы (адрес кеңістігі 16 Мбайт), IBM PC/AT компьютерлерінде пайдаланылды, оның екі режімі болды, біріншісі — нақты режім, онда 8086 процессоры тәрізді жұмыс істеді, ал екіншісі — қорғалған режім, онда кеңейтілген жұмыс мүмкіндіктері болды; 80386DX (386DX) - мәліметтері 32-бит шиналы, ал адресі де 32-бит шиналы (адрес кеңістігі 4 Гбайт), PS/2 компьютерлерінің жоғары модельдерінде пайдаланылды, жұмыс жиілігі — 20—40 МГц; 80386SX (386SX) - 386DX процессорының қысқартылған түрі, мәліметтері 16-бит шиналы, ал адресі 24-бит шиналы, ішкі құрылымы 386DX тәрізді ұйымдастырылды; 80486DX (486DX) - бұл процессор бір кристалда біріктірілген 386DX және оның 387 математикалық сопроцессоры болатын, жұмыс жиілігі - 20— 50 МГц. Осы процессор негізінде 486SX — бір процессорлы, 486SL — энергияны аз пайдаланатын түрі және т.б. жасалады; Pentium — мәліметтері 64-бит шиналы, ал адресі 32-бит шиналы процессордың жаңа түрі, жұмыс жиілігі - 60- 200 МГц, (қ. Pentium Pro); [1]
...