0 дауыс
473 көрілді
Жер жалға беру туралы аукциондар мен конкурстар ашық және әділ өтеді дегенге күдігіміз бар. Осы бағытта қандай шаралар жүргізілуде?

1 жауап

0 дауыс
Сатуды өткізудің тәртібі заңмен нақты белгіленген, аукцион – жерді сату үшін, оған тек Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады, ал конкурс – шетелдіктерге жалға беру үшін өткізіледі.

Аукцион кезінде - көбірек сомма берген, конкурс кезінде – ең жақсы шарттар ұсынған жеңімпаз болып табылады. Сатуды (аукцион, конкурс) өткізу тетігі жерді бөлу кезінде ашықтықты қамтамасыз етеді, сонымен қатар жер телімдерін жалға алу құқығы тек конкурстық негізде беріледі.

Қазақстандықтарға жалға беру сатып алу құқығымен 49 жылға дейін, ал шетелдіктерге сатып алу құқығынсыз 25 жылдан аспайтын мерзімге беріледі.

Конкурс өткізу кезінде құрамында 5 мүшеден кем емес Комиссия құрылады, олар қатысушылардың өтінімдерін қарайды және олардың ішінен ең үздік бизнес-жоспарларды анықтайды.

Адам факторын мүмкіндігінше болдырмау мақсатында критерийлер әзірленді, оларды Комиссия өтінімдерді қарау барысында басшылыққа алады, әсіресе мыналар ескеріледі:

- жерді қорғау, оларды рационалды және тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар;

- іс-шаралар жоспарының және ауыспалы егіс жүйесін ендіру және сақтау, топырақ құнарлылығын арттыру бойынша міндеттемелердің болуы;

- алдыңғы агротехнологияларды ендіре отырып, жерлерді пайдалану жөнінде ұсыныстар;

- қосымша жұмыс орындарын құру;

- бизнес-жоспар бойынша сарапшы топтың оң қорытындысы (өндірістік бағдарлама).

Екі немесе одан да көп тең шарттарымен өтінімдер болған жағдайда, конкурс жеңімпазын анықтау кезінде басымдық қазақстандықтарға беріледі.

Сатуды өткізу тетіктерін әрі қарай жетілдіру, жемқорлықты болдырмау мақсатында  сатуды ұйымдастыруды электрондық форматқа көшіруді жүзеге асыру жоспарланады, бұл адам факторын мүмкіндігінше болдырмайды.
...