0 дауыс
394 көрілді
Қазақстандықтарға немесе шетелдіктерге жалға берілген жер олардың жауапкершіліксіз пайдалану әрекетінен тозуға және тыйым салынған химикаттармен улануға ұшыраса, жалға берілген жерге не болады? Бұл жағдайды кім және қалай бақылауға алады?

1 жауап

0 дауыс
Пестицидтер тізіміне ресми енгізілмеген химикаттарды пайдалануға Қазақстан заңнамасы тыйым салады.  Ауыл шаруашылығы министрлігінің агрохимия қызметі мен  Әкімдіктердің жер инспекциялары жер қыртысы мен оның жағдайын үнемі бақылауда ұстайды.

Қосымша, ауыл шаруашылығынан алынатын барлық өнімдерді нитраттар, нитриттер мен пестицидтер мөлшерінің болуы мен асып кетуін анықтау үшін зертханаға жіберіледі.

Заңнама бұзылған жағдайда жерді қайтарып алуға дейін баратын қатаң шаралар қолдану қарастырылған.

Анықтама үшін.

Әкімдіктер жанындағы бақылау органдары жер заңнамасының қадағалануын бақылау үшін  агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің жер телімдеріне тексеріс жұмыстарын жүргізді. 2015 жылы және 2016 жылдың бірінші тоқсанында жүргізілген жұмыстың нәтижесі бойынша 263,9 мың га жердің ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылмайтындығы анықталды.

Өткен жылы 187 жеке меншік иелері мен жер пайдаланушыларға жер заңнамасында орын алған заң бұзушылықтарды жою туралы жарлық берілсе, соның ішінде 171 субъекті 169,5 млн. теңге айыппұл мөлшеріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
...