Жер - біздің капиталымыз, ел экономикасының бөлігі. Ол пайдаланылуы тиіс, онда тұратын халықты асырау қажет, мемлекетке пайда әкелуді және мүмкіндігінше оңтайлы пайдалануы тиіс.
Көптеген елдер өндірісті арттыру үшін түрлі химикаттарды, жаңа технология мен ГТО пайдаланады.
Бізде химикаттарды пайдалануға, ГТО өсіруге рұқсат жоқ. Қазақстанның ішкі сұраныс үшін және экспортқа эко өнімдер өндіруге зор әлеуеті бар. Осындай өнім айтарлықтай қымбат тұрады және бізге үлкен экспорттық табыс әкеледі. Сондықтан да қазіргі таңда Қазақстанда ауылшаруашылығы жерлерінің тиімділігін және ауылдағы тауар өндірушілердің белсенділігін арттыруымыз қажет. Қазақстанның ауқымды ауылшаруашылығы ресурстары бар. Еліміздің жер қоры 272,5 млн. га құрайды.
Сонымен қатар, осы күнге дейін біз сол жерлерді тиімді пайдалана алмай келеміз. Тәуелсіздік жылдарында ауыл шаруашылығында пайдаланылып жатқан жерлердің аумағы азайды. Бүгінде үлкен алқаптар бос жатыр.
Сондықтан жер жыл сайын өңделмейді, деградацияға ұшырайды және арамшөптер өсіп кетеді.
Тауар өндірушілер мен фермерлердің әлеуетіне және орларға көрсетілген қолдауға қарамастан ауыл шаруашылығы экономикамыздың үлкен секторы бола алмады. 2014 жылы Қазақстанның ауылшаруашылығының ЖІӨ-дегі үлесі 5%-дан аз.
Жерді жалға беру – бұл мемлекетпен шаруашылық қарым-қатынастың кең таралған түрі.
Оның үстіне көптеген дамыған елдерде жерді ұзақ мерзімге жалға беру қолданылады. Оның ішінде Францияда – 25 жыл, Норвегия, Жапония, Данияда – 30 жылға дейін, БАӘ – 99 жыл.
Жалға беру мерзімі қаншалықты ұзақ болса, жерге күтіп қарайтын, тәжірибелі шаруагер келетіндігіне сенім мол болады. Оның үстіне, осындай жағдайда қыруар инвестиция салу ынтасы пайда болады.
Анықтама: Қолданыстағы 100,8 млн. га. ауылшаруашылығы жерінің 1,3 млн. гектары Қазақстан азаматтарының жекеменшігінде, ал 99,5 млн. гектары – жалға берілген. Бұндай жерлерде әртүрлі егістік, майлық, дақылдық, жемдік, көкөністік –бақшалық және өнімдік дақылдар өсіріледі және бұндай жерлерде мал шаруашылығымен және ет-сүт өндірісімен шұғылданады. 2015 жылдың қорытындысы бойынша ауылшаруашылығы өнімдерінің көлемі ақшалай түрінде 2,7 трлн. теңгені құрады.
99,5 млн га жердің шетелдіктерге 65 мың га жері ғана берілген – бұл шамамен 0,06% - оның өзі жалға берілген. Атап өткен жөн, оның ең көп бөлігі - 45 мың га – бірлескен кәсіпорындарға жалға берілген, олардың үлесін қазақстандықтар тікелей иелік етеді.
Мысалы, Ақмола облысында 2010 жылы американдық Global Beef компаниясымен (капиталдық үлесі 15% ) «KazBeef Ltd» ЖШС бірлесіп құрылды. Кәсіпорын жер телімінің көлемі 154,8 мың га, оның ішінде: егістік -13,2 мың га, шабындық - 141,6 мың га.
Компания елімізде алғашқылардың бірі болып тұқымдық таза ангус және герефорд малы тұқымдарын алып келе бастады, сөйтіп сапасы жоғары ет өндірісінің толық циклін құру жолын бастады. Биыл 2015 жылдың қорытындысы бойынша жоғары сапалы 214 тонна сиыр еті экспортталды. Қазір кәсіпорында 85-ге жуық адам жұмыс істейді, олардың ішінде бірде бір шетелдік жоқ.
Жалға берілген жерлердің кейбір өңірлер бойынша жерді таратуы мынандай: Ақтөбе облысында - 29 мың. га, Жамбыл облысында – 13,5 мың. га, Ақмола облысында – 8,6 мың га.