Қазақтың алғашқы хандары Керей,Жәнібек және Бұрындық пен Касым тұсында(1459-1518) олардың басты мақсааты Сырдария бойындағы қалаларды жаулап алу болды.Сол себептен XVғ соңы мен XVI басында қазақ сұлтандары мен Шайбани әулеті(Өзбек хандығы) бір-бірімен қиян-кескі ұрыс алып барды.Касым өлгеннен кейін хандық бытырап кетеді және Касым жаулап алған жерлердің көпшілігі қолдан кетеді.Қазақ хандығын қайта біріктірген Хақназар хан(1538-1580)болды.Ол Моғолстанның әлсірегенін пайдаланып XVI ғасырдың 60 жылдары Жетысуды толықтай өзіне бағындырады.Бірақ Моғол ханы Абд-ар-Рашид ханнан соққы алған соң Шығысқа қарай жылжуын тоқтатады.Ал батыста бір кездері құдыретті болған Ноғай Ордасы ыдырап кетеді.Олардың билерінің бір бөлігі Мәскеу князіне,бірі Қырым хандығына қосылуды жақтайды.Осы шиеленісті пайдаланып қалғысы келген Хақназар хан әскер жинап Ноғайларға қарсы жорық жасайды.Нәтижесінде ноғайлардың көп бөлігі қазаққа қосылады және батыстағы шекара Еділ өзеніне дейін жетеді.Ал оңтүстікте Өзбек ханы Абдалла мен Ташкент сұлтаны Бабаның бір-бірімен алауыздығын пайдаланып,екеуін де жақтап саяси ойын ойнайды.Осының арқасында Қазақ хандығына еш соғыссыз-ақ көптеген Сыр қалаларын қаратып алады.Алайда 1580 жылы Баба сұлтан тарапынан жіберілген жендеттер Хақназар ханды өлтіреді.Шығай ханның(1580-1582) кезінде қазақ және өзбек сұлтандары одақтаса отырып Баба сұлтанның көзін жояды.Осы кезде Өзбек ханымен бір-біріне соғыс ашпау туралы келісімге келеді.Бұл келісімді Тәуекел хан(1582-1598) бұзып,1583 жылы тұтқиылдан шабуыл жасап Түркістан,Сайрам,Сауран т.б көптеген қалаларды жаулап алады.Осы кезеңде Тәуекел хан алғаш мәрте орыстармен дипломатиялық қарым-қатынас орнатады.1597 жылы Өзбек хандығында азаматтық соғыс басталады,осыны пайдаланып Тәуекел 120 мың әскермен жорыққа шығады.1598 жылы Ташкент,Самарқанд,Әндіжан секілді ірі қалалар қазақтардың қолына өтеді.Өзбек хандығының астанасы болған Бұхараны 40 күн қоршауда ұстайды,бірақ Тәуекел садақ оғынан қаза табады.Осылайша хансыз қалған қазақ және өзбек сұлтандары бітімге еледі.Бірақ бұл бітім ұзаққа бармай,Бұхар ханы тарапынан бұзылады.Тәуекелдің інісі Есім ханның тұсында(1598-1628) казақ-бұхар соғысы(1603-1628) болып өтеді.Бұл соғыста Есім хан корғаныс саясатын жүргізіп,Тәуекел жаулап алған жерлерді уысында алып қалады(Самарқандтан басқа).1623 жылы Ташкент сұлтаны Тұрсын өзін хан жариялайды,сөйтіп Есімге қарсы шығады.Тұрсынның көтерілісін ол тек 1628 жылы баса алды.Ал оны қолдаушы негізгі тайпа қатағанның көпшілігін қырып жібереді.Бұл тарихта "қатаған қырғыны" деп аталады. 1627 жылы Есім хан қалмақтарға қарсы жорық жасап,жеңіспен оралады.Бұл қазақ-қалмақ арасындағы алғашқы ірі шайқас болды.Жәңгір(Жаһангир)ханның тұсында(1628-1653) бір билеушінің қол астына біріккен жоңғарлар қазақ даласына шапқыншылығын жиілетеді(1635,1643,1653)Соңғы шайқаста Жаһангирдің өзі қаза табады.1672 жылы қазақ ханы болып Тәуке сайланады.Тәуке хан бүкіл қазақты бірдей билеген(тіпті қырғызбен қарақалпақты да)соңғы хан болды.Ол көптеген реформалар енгізген реформатор-хан болды.Хан мен сұлтан билігін шектеді.Сот ісін билерге тапсырды және билердің ықпалын арттырып сол арқылы елді биледі.Тәуке хан алғаш мәрте орыстармен жақындасып олармен Жоңғарларға қарсы одақ құруға тырысты.Өзінің 40 жылдық билігі тұсында жоңғар шапқыншылығына лайықты түрде тойтарыс беріп отырды.