Педагогикалық еңбек өтілімді есептеуге көмек?

0 дауыс
1.9k қаралым
Сәлеметсіздер ме! Мен 2004-2007 жылдары аспирантурада оқып, белгілі бір себептермен кандидаттық қорғай алмай, 2008 ж. Политехникалық колледжге оқу бөлімінің хатшысы болып орналастым. Қазіргі таңда аталған колледжде оқытушы болып жұмыс істеймін. 2004-2007 жылдарымды қазіргі күнде еңбек өтіліне санамай, 3 жылым өліп қалды. 2004 ж. аспирантурада оқыған жылдар ғылыми-педагогикалық еңбек өтіл болып саналады деген ереже (положение) бар болатын (сол ережені мен ғылыми бөлімнен алып кадр бөліміне бергенмін, өзіме 1 данасын алып қалуды құнттамаппын, кадр бөлімінің инпекторы сол уақытта декреттік демалысқа кетіп, жоғалтып алғандығын айтты). Енді  2008 ж. бірден оқытушы болмағандықтан, не болмаса кандидаттық қорғалмағандықтан ол жылдар не педагогикалық, не жалпы еңбек өтіліне жатпайды деп түсіндіреді. Егер де 2004-2007 жылдар аралығы ғылыми-педагогикалық стаж болып саналады деген заң болса (ғылыми бөлімде айтқан), сол заңды табуға көмектесіңіздерші. Сол 3 жылдың шынымен - ақ жоғалғандығы ма??? Жауабын табуға көмектесіңіздерші. Көмек көрсеткендеріңізге алдын ала рахмет!
Заң

Сіздің жауабыңыз

Спамға қарсы тексеру:
Үшке үшті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
127,680 сұрақ
322,223 жауап
153,247 пікір
72,705 қолданушы