Қыстың жылымық ауа райында түрлі істерімен әйгілі, америка физигі және химигі Роберт Вуд (1868-1955ж) лабораториядан үйіне түскі асқа шығады.Оның жолы қара нәсілді адамдар тұратын кварталдан өтетін еді.Ал сол жолдың жағасындағы тротуарларда негрлер толып отырады.Жолмен өтіп бара жатырған Вуд әдейі қатты жөтеліп, жердегі шалшық суларға лабораториядан алып шыққан грек жаңғағы тәрізді затты лақтырып жібереді Сол кезде қатты қопарылыс беріліп, отты ұшқын шашырап,судың бетінде сары жалын пайда болды. « Бұл шайтанның ісі»,-деп негрлер қатты шошынып шулап қашады. Қандай зат туралы әңгіме болды ? Бұл сілтілік металл –натрий.
1807 жылы ағылшын ғалымы Г. Дэви натрий гидроксидінің балқымасын электролиздеу арқылы таза металл натрийді бөліп алды.Алғаш алған кезде тиімсіз, қиын жолмен алынған.1 жылдан кейін Гей-Люссак пен Тенар натрийді күйдіргіш натрды қатты қыздырылған темірмен әрекеттестіру арқылы алған.Бастапқы уақытта натрийді таза күйінде ешқайда қолдана алмаған.2 рет алюминий алу әдісіне қолданып көрген.Ал қазір натрийді қосылыстарының балқымасын электр тогымен ыдыратып алады.
Натрий-жасушада тек ион түрінде кездеседі.Ол негізінен сұйықтықтардың құрамында болады,гормондар синтезіне қатысады.