Математика.
3 сынып.
1 нұсқа.
1. Шебер күніне 5 шаңырақ дайындайды. Олар 3 күнде неше
шаңырақ дайындайды?
А)8 Ә)15 Б)5 В)20
2. Олимпиадаға келген 27 оқушы 9 бөлмеге тең бөлініп орналасты.
Әр бөлмеге неше оқушы орналасты?
А)4 Ә)3 Б)5 В)7
3. Теңдеуді шеш: Х *3=9
А)5 Ә)3 Б) 6 В)2
4. Асханаға әрқайсысында 5 кг-нан 4 жәшік алма және 15 кг
алмұрт әкелді. Барлығы неше килограмм жеміс әкелінді?
А)40 Ә)35 Б)25 В)20
5. 17:5=? жауабын тап:
А)3 (3қ) Ә) 3 (2қ) Б) 3 (1қ) В)3 (4қ)
6. Бір аптада шебер 4 жиһаз жасайды. 3 аптада неше жиһаз жасайды?
А)14 Ә)13 Б)15 В)12
7. 30 см лентаның үштен бір (1/3 )бөлігі қанша?
А)5 Ә)10 Б)15 В)30
8. 40см жіптің бестен бір (1/5) бөлігі қанша?
А)4 Ә)8 Б)5 В)9
9. Өрнектің мәнін тап:(15+35):5=?
А)10 Ә)15 Б)5 В)20
10.Өрнектің мәнін тап:(29-14):5=?
А)2 Ә)3 Б)5 В)10
11.Ұзындығы 4 см,2 см,3см,5см төртбұрыштың периметрін тап.
А)14 см Ә)15 см Б)17см В)20см
12.Балалар түске дейін 30 табан балық,түстен кейін 15 қызылқанат балық және 5 сазан ұстады. Барлығы неше балық?
А)40 Ә)50 Б)25 В)30
2 нұсқа.
1. Шебер күніне 6 бұйым дайындайды. Олар 4 күнде неше бұйым дайындайды?
А)28 Ә)25 Б)24 В)20
2. Жарысқа келген 35 оқушы 7 бөлмеге тең бөлініп орналасты. Әр бөлмеге неше ойыншы орналасты?
А)4 Ә)3 Б)5 В)7
3. Теңдеуді шеш: Х *4=12
А)5 Ә)3 Б) 6 В)2
4. Дкенге әрқайсысында 9 кг-нан 5 жәшік апельсин және 15 килограмм киви әкелді.Барлығы неше килограмм жеміс әкелінді?
А)45 Ә)75 Б)65 В)60
5. 18:5=? жауабын тап:
А)3 (3қ) Ә) 3 (2қ) Б) 3 (1қ) В)3 (4қ)
6. Бір аптада шебер 7 ойыншық жасайды. 3 аптада неше жиһаз жасайды?
А)14 Ә)13 Б)15 В)21
7. 40 см сымның төрттен бір (1/4 )бөлігі қанша?
А)5 Ә)10 Б)15 В)30
8. 50 см жіптің бестен бір (1/5) бөлігі қанша?
А)10 Ә)8 Б)5 В)9
9. Өрнектің мәнін тап:(25+11):9=?
А)1 Ә)5 Б)4 В)36
10.Өрнектің мәнін тап:(39-3):5=?
А)6 Ә)7 Б)5 В)8
11.Ұзындығы 5 см,4 см,4см,5см төртбұрыштың периметрін тап.
А)14 см Ә)15 см Б)18см В)20см
12.Балалар түске дейін фотоға 22 сурет, түстен кейін 12 сурет және 5 сурет түсірді . Барлығы неше сурет түсірді?
А)49 Ә)50 Б)52 В)40
3 сынып қазақ тілі тест.
1.Төрт дыбыстан құралған тасымалданбайтын сөзді белгіле.
А) Бала Ә) Шала Б) Бұлт
2.Үш дыбыстан құралған бір буынды сөзді белгіле.
А) Ала Ә) Ана Б) Ант
3.Тек қана қатаң дауыссыздары бар сөзді белгіле.
А) Жаңғақ Ә) Қатық Б) Қаңбақ
4.Негізгі түбір сөзді тап.
А) Биші Ә) Алаша Б) Өнерпаз
5.Етістікті тап.
А) Шағала Ә) Шегеле Б) Кереге
6.Заттың санын білдіретін сөзді тап.
А) Қойшы Ә) Берші Б) Жетінші
7.Заттың сынын білдіретін сөзге қойылатын сұрақты тап.
А) Не? Ә) Неше? Б) Қандай?
8.Жалқы есімді тап.
А) Жалбыз Ә) Ораз Б) Қарбыз
9.Тәуелдеулі зат есімді тап.
А) Кісі Ә) Інісі Б) Кірпі
10.Туынды сын есімді тап
А) Сөзсіз Ә) Сөзшең Б) Сөзге
11.Күрделі етістікті тап
А) Ақ қағаз Ә) Алты кітап Б) Алып отыр
12.Болымсыз етістікті тап
А) Келді Ә) Айтты Б) Алмады
13.Сұраулы сөйлемнен кейін қойылатын тыныс белгісін белгіле.
А) . Ә) ? Б) !
14.Бастауышты белгіле.Асқар сурет салды.
А) Асқар Ә) Сурет Б) Салды
15.Сөйлемнің бастауышын белгіле.
Еңбек ерлікке жеткізеді.
А) Еңбек Ә) Жеткізеді Б ) Ерлікке
16.Біріккен сөзді белгіле.
А) Арыстан Ә) Ақбөкен Б) Түлкі
17.Жалғаулы сөзді белгіле.
А) Балалы Ә) Балалар Б) Баласыз
18.Қай сөз дұрыс жазылған?
А) екватор Ә) Икватор Б) Экватор
19.Жалаң сөйлемді тап.
А) Қасқыр ұзақ ұлыды. Ә) Қасқыр ұлыды. Б) Қасқыр аспанға қарап ұлыды.
20.Жайылма сөйлемді тап.
А) Оқушы қызық ертегі оқыды Ә) Оқушы оқиын деді. Б) Оқушы оқып отыр.