Құтты болсын Жаңа жыл!!!
*Өкпе жоқ ескі жылға денсаулықпен,
Жеткізген жаңа жылға аман-есен.
Ескі жыл алып қал! - деп ауырлықты,
Тілейік жаңа жылдан жақсылықты.
Жаңа жыл алып келсін бәрімізге,
Алдымен бірінші боп денсаулықты.
Содан соң бірлік, тату, тәттілікті,
Қайғысыз жақсы іс пен сәттілікті.*
*Бұрқылдап шығып жатқан жақсылықтың,*
*Жаңа жыл қайнар бұлақ көзі болсын.
Көрсетпей ешбір бетін жамандықтың,
Ұялап әрбір үйге бақыт қонсын.
Ел тыныш, бала-шаға аман болып,
Дос-жаран, ағайынмен орта толсын.
Қуаныш әкелетін әрбір жанға,
Жаңа жыл, ағайындар, ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!*